Сарбаздар сақадай сай

Screenshot_5.jpg

Шымкенттік азаматтар ел үшін еңбек етіп, Отанды қорғауға сақадай дайын. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі төтенше жағдайға байланысты әскери міндеттілерді арнайы жиынға шақыру жөніндегі Жарлық шығарған болатын. Президенттің бұл бастамасын шымкенттік жастар да шынайы қолдап, ел үшін тер төгуге белдерін бекем буып отыр.

Қала бойынша әзірге 100-ге жуық азамат қабылданған. Қиын-қыстау кезде Мемлекет басшысының үндеуін құлақ асқан жастар залалсыздандыру мен басқа да жұмыстар атқарады. Бұл жолы 35 жасқа дейінгі азаматтар тіркеуге алынған.

Бейбіт күні әскерге шақыртылған сарбаздар қалада залалсыздандыру жұмысына қатысады. Оған қоса санитарлық бұғаттау бекеттеріне көмекке барады. Қала әкімінің орынбасары Алмасбек Мамытбеков бүгіннен бастап іске кіріскен 100-ге жуық азаматқа сәттілік тіледі.

«Сарбаздар қаладағы 4 ауданға 25-тен бөлінді. Олар 13 сәуір мен 14 мамыр аралығында залалсыздандыру жұмыстарына көмектеседі. Оларды тасымалдау мен тамақ мәселесі шешілген», - деп атап өтті қала әкімінің орынбасары Алмасбек Кеңесбекұлы.

Шымкент қалалық әскери комиссариятында арнайы медицицналық комиссия жасақталып, үміткерлерді сараптамадан өткізген. Сынақтан өткен запастағы сарбаздар төтенше жағдай уақытында әскер қатарында болады. Айта кететін мәселе, жұмысы бар еріктілердің айлық жалақысы сақталады.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Антикор Шымкентті жылумен қамтамасыз ететін кәсіпорынға талдау жүргізіп жатыр
  • Жеңіс күніне орай шымкенттік ардагерлерге қаржылай көмек көрсетіледі
  • Шымкентте салмағы 7 келі алып сәби дүниеге келді
  • Шымкенттегі су желілерінің 50 пайызы тозған
  • Шымкентте жаңа Фосфоршылар мәдениет сарайының құрылысы басталды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер