Шымкенттік оқушылар көш бастап тұр

Screenshot_3.jpg

Жоғары сынып оқушылары әдеттегідей жыл соңында емтихан тапсырмайтын болды. Бөлім және тоқсан бойынша жиынтық бағалаулар барлық тоқсан бойынша қорытылып, қойылады. Осылардың негізінде жылдық бағалау шығарылып, 9 және 11 сыныптарда қорытынды аттестаттау нәтижесі шығады.

Үшінші мегаполисте жалпы 172 мектептің оқушылары ІV тоқсанды қашықтан оқыту форматында бастады. Бүгінде қаладағы мектептерде білім алатын 222 мыңнан астам оқушы толығымен қашықтан білім беру жүйесімен қамтылған.

Оқушылардың 96,7 пайызы компьютер, смартфон, планшет сынды электронды құрылғымен қамтылған болса, қалған 3,3 пайызы яғни, 7 424 оқушы телеарна арқылы білім алуға мүмкіндігі бар. Айта кетейік, компьютерді қажет ететін оқушыларға мектептердегі 10 192 компьютер уақытша берілген.

Шымкент қаласының оқушылары «Bilimland.kz», «Дарын Онлайн» сынды интернет платформаларда білім алу бойынша республикада І орында болса, ұстаздары ІІ орында. Сонымен қатар, балалар «zoom», «google class», «edu page» бағдарламалары арқылы да білім алуда. Барлық мұғалімдер оқушылармен «WhatsApp» арқылы кері байланысқа шыға алды.

Шымкент қаласының білім басқармасы жанынан құрылған Call-орталыққа бүгінгі күнге дейін 422 сұрақ келіп түскен болса, оның басым көпшілігі қашықтан білім алу туралы болған. Білім басқармасы келіп түскен сауалдарды талдай отырып, жұмыс сапасын жақсарту мақсатында тиісті шараларды атқаруда.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ж.Тәшенов университетінде жаңа жатақхананың ашылу салтанаты өтті
  • Шымкентте үздік ұлттық киім үлгілері анықталды
  • Аким Шымкента наградил слесаря, спасшего семью от гибели
  • Слесарьдың шұғыл әрекеті отбасын өлімнен құтқарып қалды
  • Шымкенте бұрыңғы қоқыс полигоны орнында экопарк құрылысы басталды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер