«Үйде бірге оқимыз!»

Screenshot_19.jpg

«Үйде бірге оқимыз!». Дәл осы атаумен Шымкент қалалық Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен челлендж бастау алды.

Жастар арасында оқу мәдениетін арттыру мақсатында ұйымдастырылған байқауға 600-ге жуық оқырман белсенділік танытып отыр. Карантин кезеңінде бос уақыттарын тиімді өткізіп жатқан қатысушылардың дені - студенттер мен оқушылар. Төтенше жағдайға байланысты кітапханалардың жабық болуына қарамастан қатысушылар, оқулықтардың электронды нұсқаларын тауып, қызығушылық танытып отыр. Оқырмандардың басым бөлігінің таңдауы әдеби кітаптарға түскен. Сондай-ақ конкурсқа қатысушылардың арасында шетелдік және ағылшын,орыс тіліндегі кітаптарды оқып жатқандар да бар. Ұйымдастырушылар кітаптың тіліне шектеу қойып отырған жоқ. 

Айта кетейік, бас жүлде иегеріне Phone Pro 11 ұялы телефоны сыйға берілсе, белсенді қатысушыларды өзге де тосын сыйлар күтуде. Жеңімпаздар 30 сәуір күні тікелей эфирде сағат 17:00-де анықталмақ. Карантинде жатып жеңімпаз атанамын деушілер толық ақпаратты @resurstyq_ortalyq парақшасынан біле алады.

Осылайша жастар ресурстық орталығының мамандары карантинге қарамастан жастарды қашықтықтан оқуға, әдебиетке баулып отыр. Сондай-ақ қала тұрғындарын челленджге  қатысуға шақырады.   


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ж.Тәшенов университетінде жаңа жатақхананың ашылу салтанаты өтті
  • Шымкентте үздік ұлттық киім үлгілері анықталды
  • Аким Шымкента наградил слесаря, спасшего семью от гибели
  • Слесарьдың шұғыл әрекеті отбасын өлімнен құтқарып қалды
  • Шымкенте бұрыңғы қоқыс полигоны орнында экопарк құрылысы басталды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер