Баға мобильді топтың бақылауында

Screenshot_1.jpg

Бағаны негізсіз көтерген дүкен иелері айыппұлға тап болады. Ал азық-түлік бағасын бақылайтын 4 мобильді топ құрылған. Сонымен Шымкентте әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тұрақты бағада сатылымда болады.

Мобильді топтар  жергілікті билік бекіткен 9 түрлі әлеуметтік азық-түлік тауарлардың бағасын тұрақты ұстап тұруын бақылайды. 

- Қалада жалпы 1900-ден астам дүкен бар. Қазір олардың 157-сіне жоғарыда аталған 9 тауар түрін шекті бағамен сату керектігін ескерткен. Бірер күнде барлық кәсіп иелері құлақтандырылады. Одан әрі бағаны асырған дүкен иелеріне ескертусіз айыппұл салынады, - деді қала әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов.

Әлеуметтік маңызы бар 9 түрлі азық-түлік тауарларының бағасын тұрақты ұстап тұру үшін әкімдік пен «GraMad Retail» ЖШС-мен келісім түзген.

Қазіргі таңда аталмыш серіктестіктің қоймасында азық-түлік қоры жеткілікті. Оған қоса тауарлардың көтерме бағасы тұрақты. Келісім негізінде серіктестік өзінің 2 супермаркетінде азық-түлікті белгіленген бағада сатып жатыр. Енді «GraMad» супермаркетіне «Magnum» «Фиркан» сауда желілері де қосылды. Қазір қала аумағында бекітілген бағамен азық-түлік сатып жатқан 21 сауда желісі бар.

Сонымен қатар, «GraMad» супермаркеті қаладағы «Алаш», «Жібек жолы», «Қапланбек», «Акбар» және «Айна» базарда арнайы көлікпен жылжымалы сату нүктелерін ұйымдастыруда.

«GraMad», «Magnum», «Фиркан» супермаркеттерінің 21 сауда нүктелері мен бес базардағы жылжымалы орындарда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары белгіленген бағада сатылуда.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ж.Тәшенов университетінде жаңа жатақхананың ашылу салтанаты өтті
  • Шымкентте үздік ұлттық киім үлгілері анықталды
  • Аким Шымкента наградил слесаря, спасшего семью от гибели
  • Слесарьдың шұғыл әрекеті отбасын өлімнен құтқарып қалды
  • Шымкенте бұрыңғы қоқыс полигоны орнында экопарк құрылысы басталды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер