Дерттің таралмауы қатаң бақылауда

Screenshot_4.jpg

Қазіргі таңда Шымкент қалалық жұқпалы аурулар ауруханасынан басқа тағы 2 привизорлық орталық бар. «Атамекен» оңалтау орталығы 380 төсекорындық. Ал, «Мейірім» оңалту орталығы 170 төсек орынға лайықталған. 2-ші реабилитациялық орталықта 110 төсек орын бар

Енді бұған қос жатақхана базасында жасақталған 590 орын қосылды.

Қазіргі таңда қала бойынша 534 адам карантиндік және провизорлық төсекорында жатыр. 670 адам үй карантинінде отыр. Барлығы қатаң дәрігерлердің бақылауына алынған, қалалық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Айгүл Бекбауова.

Карантинге алынатын азаматтар мен азаматшалар медициналық ұйымда дәрігерлердің қатаң бақылауында болып, орталық мамандары коронавирус инфекциясы бойынша жұмысшылардан анализ сынамаларын алады. Екі күндік медициналық бақылаудан кейін жұмысшылардың анализ сынамалары теріс нәтиже көрсетсе, серіктестік жұмысшылары карантиндік стационардан үй карантиніне жіберіледі. Он екі күн бойы үй карантинінде серіктестік жұмысшылары жергілікті емханадағы медицина мамандарының бақылауында болады.

Карантиндік станционарға коронавирус инфекциясының таралуын алдын алу және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында басқа өңірлердер жұмыстан қайтқан қызметкерлер мен шетелден келген азаматтар жатқызылады. Оларда теріс нәтиже шыққанда ғана өзінің үйіне қайтуға рұқсат. 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ж.Тәшенов университетінде жаңа жатақхананың ашылу салтанаты өтті
  • Шымкентте үздік ұлттық киім үлгілері анықталды
  • Аким Шымкента наградил слесаря, спасшего семью от гибели
  • Слесарьдың шұғыл әрекеті отбасын өлімнен құтқарып қалды
  • Шымкенте бұрыңғы қоқыс полигоны орнында экопарк құрылысы басталды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер