Шымкеттік жас аналар 900-ге жуық жәрдемақы рәсімдеді

Screenshot_6.jpg

Елімізде төтенше жағдайға байланысты ХҚО жұмысы уақытша тоқтатылғалы бері Шымкент қаласында 200-ден астам әйел жүктілік және босануына байланысты табысынан айрылу төлемін, ал 700-ге жуық отбасы бала тууға және оның бір жасқа дейінгі күтіміне берілетін жәрдемақыны онлайн рәсімдеді.

Енді жүктілікке байланысты жәрдемақы бойынша өтініштерді порталдағы «Электронды өтініштер» сервисі арқылы тапсыруға мүмкіндік бар. Декрет демалысына шыққан жүкті әйелдер egov.kz порталында авторизациядан өтіп, «Электронды өтініштер» сервисін таңдап, жеке құжаты мен жұмыс істеу қабілетінен айрылу парағының скан көшірмесін және төлем аударылуы тиіс банк шотын қоса жолдауы тиіс.

Ал балалы болған отбасылар бала тууға және оның күтіміне байланысты жәрдемақыларды рәсімдеу үшін egov.kz порталының «Отбасы» – «Бала» бөлімінде өтініш толтыру қажет.

«Цифрландыру заманында проактивті әдіс арқылы барлығын онлайн жүзеге асыруға болады. Оны пайдалану үшін аналар босанбас бұрын egov.kz порталының мобильді азаматтар базасында тіркелуі тиіс. Проактив қызметін пайдалана отырып, баланың тууын тіркеп, тиісті жәрдемақыны рәсімдеп, сәбиді балабақша кезегіне қоюға болады. Мобильді базаға тіркелген аналар ұялы телефонының көмегімен өздері аталған қызметке тапсырыс бере алады», - деді «Азаматарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Шымкент қласы бойынша филиалының өкілі Алтынай Татаева.

Айта кетейік, порталды пайдалану үшін ЭЦҚ болуы шарт. Электронды цифрлық қолтаңбаны бүгінде порталда қашықтан рәсімдеуге болады.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ж.Тәшенов университетінде жаңа жатақхананың ашылу салтанаты өтті
  • Шымкентте үздік ұлттық киім үлгілері анықталды
  • Аким Шымкента наградил слесаря, спасшего семью от гибели
  • Слесарьдың шұғыл әрекеті отбасын өлімнен құтқарып қалды
  • Шымкенте бұрыңғы қоқыс полигоны орнында экопарк құрылысы басталды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер