15 азамат емделді

Screenshot_9.jpg

Шымкент қаласы бойынша карантиндегі азаматтарды қабылдау үшін жұқпалы аурулар ауруханасы және 2 провизорлық стационар жұмыс істейді, Бұған қоса басқа қаладан және шетелден келген азаматтарды орналастыру үшін №2 оңалту орталығынан және ОҚПУ-ге қарасты №4 және №5 жатақхана базасында қосымша 3 карантиндік стационар ашылды. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Ербол Садырдың қатысуымен өткен онлайн брифинге айтылды. 

Мамандардың айтуынша жалпы, Шымкент қаласында 21 сәуір күні СOVID-19 инфекциясын жұқтыруға қатысты 11 жағдай тіркелді. Инфекция анықталған 10 азамат - төтенше жағдай департаментінің қызметкерлері. Олар бұған дейін инфекция анықталған, ТЖД-де жұмыс істейтін 1977 жылғы азаматпен жақын қарым-қатынаста болуына байланысты стационарлық карантинге оқшауланған еді.

Сондай-ақ, коранавирус инфекциясы Македония Республикасынан келген 1998 жылғы азаматтан анықталды. Науқас ЖРВИ-мен ауырып, жедел жәрдемге шағымданған. Кейін жедел жәрдеммен инфекциялық ауруханаға жеткізілген.

Бұл науқастарда диагностикалық зерттеу нәтижелері бойынша ПТР-диагностика әдісімен COVID-19 диагнозы нақтыланды. Қазіргі уақытта науқастардың жағдайы қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес, тиісті емдеу жүргізіледі. Науқастармен байланыста болған адамдар анықталып, медициналық бақылауға алынды. Науқастар тіркелген ошақтарда дезинфекциялық жұмыстар жүргізілді.

Жалпы, Шымкент қаласы бойынша COVID-19 жұқпасының 103 жағдайы тіркелген. Барлығы 659 адам карантиндік және провизорлық стационарларға жатқызылды.

Эпидемиологиялық маусымда барлығы 1592 азамат мониторингте болды, оның 646-сы бақылаудан алынды. Қазір мониторингте 946 азамат бақылауда.

20 сәуір күні коронавирус инфекциясынан 4 азамат жазылып, ауруханадан шығарылды. Оның үшеуі бір отбасының мүшелері. Араларында екі айлық сәби де дертінен сауығып шықты.

Сондай-ақ, Түркістан облысынан 6 сәуір күні қалалық жұқпалы аурулар ауруханасына 1972 жылы туған азамат ауыр халде қалалық жұқпалы аурулар ауруханасына ауыстырылған еді. Бір апта бойы дәрігерлер реанимация бөлімінде болған науқастың өмірі үшін күресіп, оң нәтижеге қол жеткізді. 20 сәуірде науқас сауығып, үйіне шығарылды.

Бүгінгі таңда барлығы 15 қала тұрғыны коронавирустық инфекциядан емделіп, үйіне шығарылды.

Жұқпалы аурулар ауруханасында емделіп жатқан 86 пациенттің жағдайы тұрақты, оның үшеуі жан сақтау бөлімінде жатыр, бір азамат ИВЛ аппаратына қосылған.

Шымкент қаласы бойынша барлығы 57 ошақ тіркелді, 5 ошақтан карантин алынды (Самал-1, Тайманов көшесі; Төреқұлов көшесі; Мақталы көшесі, 8-ш/а, Желтоқсан 3А).


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ж.Тәшенов университетінде жаңа жатақхананың ашылу салтанаты өтті
  • Шымкентте үздік ұлттық киім үлгілері анықталды
  • Аким Шымкента наградил слесаря, спасшего семью от гибели
  • Слесарьдың шұғыл әрекеті отбасын өлімнен құтқарып қалды
  • Шымкенте бұрыңғы қоқыс полигоны орнында экопарк құрылысы басталды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер