Президент мәселені бейтарап қалдырмайды

Screenshot_10.jpg

ОҚМПУ ректоры міндетін атқарушы тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Гүлжан Сүгірбаева мемлекет басшысының үндеуіне қолдау білдіріп, үн қосты.

Пандемия төрткүл дүниені дүрбелеңге салып, экономикалық тоқырауға тап болған қазіргідей кезеңде мемлекеттік қолдауды ерекше сезініп отырмыз. Ел Президентінің қалыптасқан жағдайға байланысты шұғыл әрі дер шағында қабылдаған шешімдері барлығымыздың бойымызда ертеңгі күнімізге деген сенімді күшейте түсті.

Мемлекет басшысы бүгінгі мәлімдемесінде әлеуметтік қолдаулардың жалғасатынын айтты. Қасым-Жомарт Кемелұлы шын мәнінде "халық үніне құлақ асатын мемлекет" қалыптастыра алды. Оның ел игілігі жолындағы идеялары өз жемісін беруде. Президент халықпен тығыз байланыс орнатудың жаңашыл форматтары мен замануи тәсілдерін оңтайлы пайдаланып отыр. Кез келген проблеманы бейтарап қалдырмайды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз мәлімдемесінде қазіргідей күрделі кезде әрбір азамат назарда болатынын айтты. «Бүгінгі күні 4 миллион 250 мың азаматқа қаржылай көмек көрсетілді. 570 мыңнан астам адамға азық-түлік таратылды. Жалпы, 1,1 миллионнан астам адамды азық-түлікпен қамтамасыз етуді жоспарлап отырмыз. Елбасының бастамасымен құрылған «Біргеміз» қорынан қаржы бөлінді. «Nur Otan» партиясы белсенді жұмыс атқаруда»,- деп атап өтті Қасым-Жомарт Кемелұлы.

Мемлекет басшысының ұстанған саясатына беріктігі болшағымыздың баянды болатынына нық сендірді! Барлық бастамаларын барынша қолдап-қуаттаймын, Президентке сенемін!


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Молодые казахстанцы гордятся репутацией страны – результаты исследования
  • Караван из тысячи верблюдов в Алматинской области официально вошёл в Книгу рекордов Гиннесса
  • Аким Шымкента принял участие в посадке деревьев вместе с жителями
  • Шымкент әкімі қала тұрғындарымен бірге ағаш отырғызу акциясына қатысты
  • Ведущие хирурги центра имени А.Н.Сызганова провели 17 сложнейших операций пациентам в Узбекистане
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер