Біз бірге барлығын жеңеміз!

Screenshot_15.jpg

Үшінші мегаполистегі қызметкерден бастап, қарапайым халыққа дейін Мемлекет басшысының үндеуіне құлақ түріп, қолдай түсті. Осы орайда, Шымкент қаласы түрік этно-мәдени бірлестігінің төрағасыЛатипша Асанов сенім бар жерде, қолдау бар жерде қиындықты жеңіп шығатынымызға кәміл сенетінін айтты.

«Еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бүгінгі халыққа арнаған Үндеуін оқи отырып, Мемлекет басшысының төтенше жағдай мерзімін ұзартуда дұрыс шешімге келгенін байқадым. Қазіргі кезде коронавирустың екпіні әлі тоқтамай отырғаны бәрімізге белгілі. Егер дер кезінде дұрыс шешім қабылданбаса, осынша уақыт атқарған жұмыс зая кетер еді. Ел Президентінің сөзінше қазіргі уақытта ең бірінші адам өмірі мен қауіпсіздігі басты назарда.

Қауіпті вирус басталған шақта дер кезінде төтенше жағдай жариялауы да індеттің елімізге жаппай тарап кетпеуіне тосқауыл бола білді. Және еліміздегі қатаң карантин шараларын халықаралық сарапшылар да оң бағалап отыр. Бұл жолы да еліміздің бір қатар өңіріндегі санитарлық ахуалын саралай келе төтенше жағдай мерзімін 11 мамырға дейін созуға шешім шығарды. Сондықтан мемлекет басшысы елдегі жағдайға әлі алаңдаулы. Осы уақытқа дейін атқарылған жұмыс ұшан-теңіз.

Ендігі қалған күндерде де халықтың әл-ауқаты басты назарда болатыны сөзсіз. Өйткені, үндеуде бірде-бір азамат қиын жағдайға қалмайтындығы, әлеуметтік және экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету, халықтың табысын сақтау үшін арнайы шаралардың қабылданып жатқаны айтылған. Сондықтан біз ел Президентіне сенеміз. Сенім бар жерде, қолдау бар жерде қандай қиындықтан да болса жеңіп шығатынымыз кәміл».


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Антикор Шымкентті жылумен қамтамасыз ететін кәсіпорынға талдау жүргізіп жатыр
  • Жеңіс күніне орай шымкенттік ардагерлерге қаржылай көмек көрсетіледі
  • Шымкентте салмағы 7 келі алып сәби дүниеге келді
  • Шымкенттегі су желілерінің 50 пайызы тозған
  • Шымкентте жаңа Фосфоршылар мәдениет сарайының құрылысы басталды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер