Карантиндегі отбасыларға азық түлік жеткізіп, сауап алды

Screenshot_10.jpg

Қасиетті Рамазан айында барша мұсылман баласы жақсылық жасауға асығып, қайырымдылық жасайды. Шымкенттік белсенді жастар да осы орайда өздерінің қабілеті мен мейірімін көретіп, жақсылыққа жарысып отыр. Ораза айында қалалық жастар мәслихатының депутаттары жас кәсіпкерлермен бірігіп карантинге жабылған үйлердегі отбасыларға қолдау көрсетті. Қиын жағдайда қалған жерлестерімізге  азық-түлік жиынтығы артық етпейді, көмек болады дейді жастар.

Тігін курстарынан екі күнде жиналған 600 мың теңгеге еріктілер қаладағы ірі сауда дүкенінен күнделікті тұтынатын азық- түлік сатып алып, демалыс күндері карантинде отырған  40 отбасыға  жеткізіп берді. Бұл карантинге жабылған үйлерге зор пайда болды. Себебі, олар бүгінде үйден шығу бойынша шектеліп, қатаң бақылауда отыр.

 «Тігін курсына қатысушы оқушыларыма, командамама алғысым шексіз. Ораза айында  сауапты іс жасадыңыздар. Алла разы болсын. Ниеттеріңіз қабыл болсын», - кәсіпкер Жансая Беспай.

«Дін жолында «сауапты іс» жасау үшін тек қана мешіт салу міндетті емес. Қоғам үшін пайдалы болып есептелетін кез-келген игілікті істі жасауға болады. Оның ішінде мектептер, ауруханалар, жол салу, көпір салу секілді қоғамға пайдалы кез келген іс сауапқа жатады.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ж.Тәшенов университетінде жаңа жатақхананың ашылу салтанаты өтті
  • Шымкентте үздік ұлттық киім үлгілері анықталды
  • Аким Шымкента наградил слесаря, спасшего семью от гибели
  • Слесарьдың шұғыл әрекеті отбасын өлімнен құтқарып қалды
  • Шымкенте бұрыңғы қоқыс полигоны орнында экопарк құрылысы басталды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер