Күрделі отадан өткен ана да, бала да аман



Screenshot_13.jpg

Шымкенттік дәрігерлер коронавируспен ғана емес, басқа да күрделі оталар мен емге жіті көңіл бөлуде. Медицина мамандары жүкті әйел мен ішіндегі шаранасын сақтап қалу үшін күрделі ота жасады. Ота №1 қалалық клиникалық аурухана базасында өткен.

№1 қалалық клиникалық ауруханасының хирургы Сәбит Байтеміровтың жетекшілігімен 28-апталық жүктіліктегі әйелге ота жасалған. Операция барысында хирургтар жүкті келіншектің ішіндегі бір уыс құртты хирургиялық жолмен алып шықты. Медицина мамандары күрделі отаны үш сағаттан аса жасаған. Ғажайыптың күшімен аман қалған азаматша қазір дәрігерлердің қарауында. Дәрігерлер жүкті келіншекке жасалған ота кезінде тәуекелге барғандарын жасырмайды. Себебі шаранамен бірге пайда болған іштегі құрт бауырдың жанына біткен соң, жарылып кету қаупі жоғары болатын, дейді мамандар. Бірақ сәтті жасалған операцияның арқасында қауіп алдын алып, ана мен баланың өмірі аман қалды.

Сонымен бірге, ішінде эхинококк кистасы бар жүкті келіншекке Алматы қаласындағы А. Н. Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургиялық орталықта күрделі ота жасау қажет болған. Алайда елімізде енгізілген төтенше жағдай режиміне байланысты, ішінде шаранасы бар әйелге Шымкентте ота жасалған.

Дәрігерлердің мәлімдеуінше, қазір пациенттің жағдайы қанағаттанарлық және жүктілігі асқынусыз өтуде.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Антикор Шымкентті жылумен қамтамасыз ететін кәсіпорынға талдау жүргізіп жатыр
  • Жеңіс күніне орай шымкенттік ардагерлерге қаржылай көмек көрсетіледі
  • Шымкентте салмағы 7 келі алып сәби дүниеге келді
  • Шымкенттегі су желілерінің 50 пайызы тозған
  • Шымкентте жаңа Фосфоршылар мәдениет сарайының құрылысы басталды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер