Тұранда құрылыс қызып тұр

Screenshot_2.png

Төтенше жағдай құрылыс жұмыстарына кедергісін келтірмеуі керек. Бұл Мемлекет басшысының тікелей тапсырмасы. Карантинге қарамастан үшінші мегаполисте де құрылыс қыза түсуде.   

Шымкент қаласының Тұран шағынауданында бүгінде көп қабатты 42 үйдің құрылысы басталған. Тағы 26 үйдің жобасы әзірленуде. Оның үшінде 16 қабатты - 4 үй, 8 қабатты - 12 үй, 9 қабатты 15 үй бар. Олардың жобасы мамыр айында сараптамадан шығады деп күтілуде.

Мұнан өзге көп қабатты 20 үйдің жобалық сметасын әзірлеуге байқау жарияланып, мердігер мекеме анықталған. Жалпы жыл соңында дейін Тұран шағынауданында 88 үйдің құрылысы басталады. Бұл жөнінде құрылыс басқармасының басшысы Ербол Ахметов қала әкімі Мұрат Дүйсенбековтің алдында баяндады.

«Қазір Тұранда «Отау строй», «АРТ құрылыс», «АҚ ордасы» секілді 7 мердігер мекеме құрылыс жүргізуде. Бүгінде іргетас шұңқыры қазылып, бетондау жұмыстары жүріп жатыр», - деді басқарма басшысы.

Іргетасы қаланып жатқан әр үйдің құрылысын аралап көрген Мұрат Дүйсенбекұлы жұмыс қарқынына көңілі толмайтынын ашып айтты. Құрылысшылар санын көбейтіп, жұмыс қарқынын күшейтуді талап етті. Салаға жауапты басшыларға бақылауды күшейтуді тапсырып, аптасына екі рет есеп алатынын ескертті.

Айта кетейік, құрылыс алаңдарында жұмысшылардың қауіпсіздігі мен денсаулығы қатаң бақылауда. Әр күн сайын жұмысшылардың алдымен дене қызуы өлшенеді және бетперделік режим сақталуда. 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ж.Тәшенов университетінде жаңа жатақхананың ашылу салтанаты өтті
  • Шымкентте үздік ұлттық киім үлгілері анықталды
  • Аким Шымкента наградил слесаря, спасшего семью от гибели
  • Слесарьдың шұғыл әрекеті отбасын өлімнен құтқарып қалды
  • Шымкенте бұрыңғы қоқыс полигоны орнында экопарк құрылысы басталды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер