Кәсіпкерлер игі іс жасады

Screenshot_9.png

Шымкенттік қайырымды жандар қасиетті айда игі істі қайта жалғады. Бұл жолы ізгі амалды үшінші мегаполистің кәсіпкерлері жасады. Азық-түлік толы 200 қорапты олар тұрмысы төмен, көпбалалы отбасылар мен зейнеткерлерге үлестірді.

Бір қорапты жасақтау үшін 15 мың теңге кеткен. Ішінде аса қажетті азықтар салынған. «Нұр Отан» партиясы мен жергілікті кәсіпкерлер осылайша қасиетті айда қайырымдылық жасауға кірісті. Қажетті заттардың барлығы мұқтаж отбасыларына жөнелтіледі.

Карантин басталғалы қаланың біраз азаматы жұмыссыз қалып, табысынан айрылған еді. Бұл жағдай әсіресе көпбалалы, тұрмысы төмен отбасылары мен зейнеткерлерге оңай тиген жоқ. Бірі балаларына ішер ас табуға қиналса, зейнеткерлер азық-түлік алу үшін далаға шығудан қалған. Бұл көмек мұндай отбасыларға әжептәуір көмек болары сөзсіз. 

Тізімді аудан әкімдіктері жасақтаған. Азық-түлік тек қолдауға зәру жандарға жеткізілмек. Осылайша кәсіпкерлер «Шымкенттің қайырымды қала» екенін іс жүзінде дәлелдеп бергендей болды. 

Айта кетейік, шымкенттік кәсіпкерлер төтенше жағдай кезінде елді қолдау үшін, коронавируспен күрес үшін Елбасының бастамасымен құрылған қорға  миллиондап қаржы аударған болатын. 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ж.Тәшенов университетінде жаңа жатақхананың ашылу салтанаты өтті
  • Шымкентте үздік ұлттық киім үлгілері анықталды
  • Аким Шымкента наградил слесаря, спасшего семью от гибели
  • Слесарьдың шұғыл әрекеті отбасын өлімнен құтқарып қалды
  • Шымкенте бұрыңғы қоқыс полигоны орнында экопарк құрылысы басталды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер