Шымкенттегі мешіт имамдары сауапты іс жасады

Screenshot_8.jpg

Ел басына күн туған сәтте біз бірлігімізбен танылатын, бауырмал елміз. Біршама уақыт бұрын Мақтаарал ауданындағы су тасқынынан халық та, олардың тер төккен еңбегі де зардап шекті. Шымкент қаласынан Мақтаарал ауданындағы су тасқынынан зардап шеккен елдімекендерге қайырымдылық көмек жалғасуда. 

Осы орайда Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Абдрахманов және қалалық «Зекет» қоры бастаған бір топ еріктілер Мақтаарал ауданындағы су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға жүк көлігі арқылы гуманитарлық көмек жөнелтілді.

Айта кету керек, Шымкент орталық мешітінде қайырымдылық заттарын жинау, қабылдау орталығын құрылған еді. Осы орталыққа Шымкент қаласындағы барлық мешіт имамдары мен мешіт жамағаттарымен бірлесіп ең қажетті гигиеналық, киім-кешек, көрпе-төсек, азық-түлік заттары мен қаржылай көмек жиналды.

Рамазан уақытында берекесінен қашып, үйлері мен жайларынан айрылған елге зекет беру ең маңызды парыз. Зекет ислам дінінің бес негізгі тіректерінің бірі ретінде қоғамдағы көптеген қажеттіліктердің орнын толтырып, түйіткелдерді шешуде үлкен рөл ойнайды. Алайда зекет дүние-мүліктің белгілі бір бөлігін ғана қамтыса, иманымыздың айнасы, жомарттықтың нышаны саналатын садақаның мөлшері адамның дарқан көңіліне тапсырылатын іс.    


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте еліміздегі ең ауқымды жылыжай салынуда
  • Шымкенттегі ерекше субұрқақ: көрікті орындарды көзбен көріңіз
  • Шымкенттегі университетте аса ірі көлемде бюджет қаражатын жымқырғандар ұсталды
  • Шымкентте қараусыз қалған 92 жастағы тыл ардагері ауыр халде жабық пәтерден табылды
  • Руслан Берденовтің ауруханадағы фотосы жарияланды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер