Жомарт журналистер балаларды қуантты

Screenshot_10.jpg

Шымкенттік бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері бірігіп, сын сәтте мақтааралдықтарға қолдау көрсетіп, жомарттығымен көзге түсті. Қазақстан Журналистер Одағы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Уәли Қыдыр бастаған бір топ журналистер мақтааралдық балаларға теледидар сыйлады.

Және балаларына 5 мың дана балмұздақ үлестірді. Оған қоса көпбалалы аналарға қаржылай да қолдау білдірді. С.Жанәбіл, Ғ.Зиябек, Ә.Әссанди, Б.Тайжан, Е.Әмірбек, Б.Түйетаев, А.Сүлеева, Қ.Ботабеков, Т.Фазылбек, Д.Әбдіраманов, Т.Балтабаев сынды қаламы қарымды журналистер арнайы барып, қиналған жұрттың жағдайын білді. Журналистер қауымы ұйытқы болған игі шараға белгілі меценат Б.Әшіров атсалысты.

Бүгінде Мырзакенттен шығаберісте 505 үй салынып жатыр. Ол жерге Жеңіс, Жаңатұрмыс және Достық ауылының тұрғындары көшірілмек.

Ауыл балаларын сауықтыру мақсатында Мақтаарал ауданындағы тасқын судан зардап шеккен Жеңіс, Нұрлы жол, Жантақсай, Жаңа тұрмыс, Өргебас, Фердауси ауылдарының дәрігерлік есепте тұрған және көпбалалы отбасыдан шыққан 152 оқушысы «Сарыағаш» емдік сауықтыру шипажайына демалысқа аттанды. Олар сонда 14 күн дем алып, сабағын оқиды. Қосымша 47 қария «Біркөлік» сауықтыру орталығына демалысқа жіберілген. Бұл игілікті іске Түркістан облысы қоғамдық денсаулық басқармасы ұйытқы болып отыр.

Үйлері су астында қалған ауыл тұрғындары қашан да игі істің алдында жүретін журналистердің қайрымдылығына ризашылығын білдіріп, алғыстарын айтты.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ж.Тәшенов университетінде жаңа жатақхананың ашылу салтанаты өтті
  • Шымкентте үздік ұлттық киім үлгілері анықталды
  • Аким Шымкента наградил слесаря, спасшего семью от гибели
  • Слесарьдың шұғыл әрекеті отбасын өлімнен құтқарып қалды
  • Шымкенте бұрыңғы қоқыс полигоны орнында экопарк құрылысы басталды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер