Шымкенттегі жол картасына жаңа басқару жүйесі енді

Screenshot_10.jpg

Қаладағы жол картасы дегеніміз қазіргі таңда халық ең көп қолданатын 2Гис мобилдік қосымшасы. Негізінен Шымкент қаласында 315-ке жуық өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары жұмыс істеуде. Осы орайда, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті 2Гис компаниясымен бірлесіп, қоғам арасында үлкен танымалдыққа ие сервистік 2Гис мобилдік картасына қаланың өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштарын орналастыру жұмыстарын жүргізді. 2ГИС осы атаулы өзін-өзі басқару ұйымдарын тауып, оның жұмыс уақытын, онымен байланысу деректерін және басқа да пайдалы ақпараттарды көрсетеді.

Аталған қызмет бұрыштары – мемлекеттік мекемелерде ұйымдастырылып, көп сұранысқа ие анықтамаларды алу кезінде ұзақ кезектілікті ХҚКО-на бармай болдырмау мақсатында қызмет етеді. Мемлекеттік қызмет жүйесін электронды форматта жетілдіру және оған азаматтардың еркін қолжетімділігін қаматамасыз ету - Мемлекет басшысы қойған аса маңызды стратегиялық міндет. 

Өз кезегінде, бұл атқарылған жұмыстың нәтижесі қала тұрғынарындарына зор көмегін тигізбек.

 Осылайша, мемлкеттік қызметтерге деген қолжетімділік артып, оны тиімді пайдалану - қоғамның бәсекеге деген қабілеттілігі мен өңірлердегі «Электрондық үкіметке» деген сұраныстардың алдағы уақытта да арта түсуіне беріліп отырған кепілдік.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте «Кітап оқитын ұлт» жобасы таныстырылды
  • В Шымкенте презентовали проект «Читающая нация»
  • Шымкентте ерікті жастарға арналған эко-экскурсия өтті
  • Развитие города Шымкента будет осуществляться в рамках концепции Smart City
  • Шымкент қаласының дамуы Smart city тұжырымдамасы шеңберінде жүзеге асырыладыШымкент қаласының дамуы
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер