Көпқабатты үйлердің келбеті жаңаруда

Screenshot_16.jpg

Қаладағы тұрғын үйлердің келбеті мен зәулім ғимарттардың құрылысы күн сайын жаңарып, өңделіп. Бұл ТМД елдерінің мәдени астанасы атанған Шымкент қаласының көркіне көрік қоспақ.  «Нұрсәт» шағынауданындағы көпқабатты тұрғын үйлердің сыртқы келбетін қайта қалпына келтіру жұмыстарын, қала әкімі М.Әйтенов осы аумақты аралау барысында тиісті мекемеге тапсырған болатын.

Қазіргі таңда "АРТ құрылыс" ЖШС-нің 30 жұмысшысы қасбетті қалпына келтіру жұмыстарымен айналысуда. Олар карантин режиміне қарамастан барынша еңбек етіп, қаланың көркеюіне атсалысуда. Қосымша 5 құрылыс техникасы, яғни, 1 кран, 1 газель және 2 жүк көлігі мен 12 жеделсаты тартылған.

Сыртқы әрлеу жұмыстарын талап етіп отырған үйлер әлеуметтік желіде жарияланған болатын. Бүгінде сол мәселе бойынша нөмірі №19, 20 көпқабатты тұрғын үйлердің бүгінде алғашқы үш қабаты бесқұдық таспен кейінгі қабаттары жауын-шашынға төзімді материалмен қаптау жұмыстары жүргізілуде.

Құрылыс жұмыстары қала күніне орай, яғни маусым айында аяқталады деп жоспарлануда. Осы уақытта тұрғын үйдің келбеті жаңарып, қайта көркіне енеді деп күтілуде. Мұның өзі елімідегі ауыр сынақтардың жанында едәуір жетістік. 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте еліміздегі ең ауқымды жылыжай салынуда
  • Шымкенттегі ерекше субұрқақ: көрікті орындарды көзбен көріңіз
  • Шымкенттегі университетте аса ірі көлемде бюджет қаражатын жымқырғандар ұсталды
  • Шымкентте қараусыз қалған 92 жастағы тыл ардагері ауыр халде жабық пәтерден табылды
  • Руслан Берденовтің ауруханадағы фотосы жарияланды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер