Мақтааралға көмек жалғасын тапты

Screenshot_18.jpg

«Бірлік болмай, тірлік болмас», демекші Мақтааралдағы апат кезінде үшінші мегаполистің атқамінерлері мен бетке ұстар азаматтар қапы қалмады. Қазақстан халқы Ассамблеясы тарапынан Түркістан облысының Мақтаарал ауданындағы су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарды қолдауға арналған гуманитарлық көмек акциясы жалғасуда.

Еліміздің әр бұрышынан келіп жатқан көмекпен қатар, Қазақстан халқы Ассамблеясының тарапынан 16 жүк көлігіне тиелген 180 тонналық гуманитарлық көмек керуенінде азық-түліктер, киім-кешектер, тұрмысқа қажетті заттар, гигиеналық құралдар, құрылыс материалдары бар.

Үшінші мегаполистегі Қазақстан халқы Ассамблеясы да керуенге қосылып, өз тарапынан құны 12,5 млн. теңгені құрайтын гуманитарлық көмек көрсетті. Бұл да зардап шеккен халыққа едәуір дәрежедегі көмек. 

Шымкент қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, хатшылық меңгерушісі М.Қалмұратов бастаған шымкенттік ассамблея мүшелерінің қатарында қалалық қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы О.Рахманбердиев, өзге де ассамблея мүшелері, этномәдени бірлестіктердің өкілдері, басқа да беделді азаматтар болды.

Ассамблея тарапынан қолдау жасауға Шымкент қалалық өзбек төрағасы Т.Хакимбеков және түрік төрағасы Л.Асанов этномәдени бірлестіктері айрықша белсенділік танытқан. Осы арқылы түркі елдерінің арасындағы татулық пен бауырмалдылықты арттыра түсті.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әлемнің үздік аспаздары Шымкентте бас қосты
  • Қолжетімді баға, сапалы өнім: Шымкенттегі сенбілік жәрмеңкелер өтуде
  • Рухы мықты жандардың энергиясы: Шымкентте IV «Жігерлі жүрек» форумы өтті
  • Тоқаев ел жастарына: «Сіздерге отанымыздың тағдырына қатысыңыз бар екенін білдіретін орайлы мүмкінді
  • Қоғамдағы татулық пен тұрақтылықты нығайтуға бағытталған маңызды қадам
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер