Жауыннан кейінгі қауіп сейілді

Screenshot_1.jpg

Төле би ауданында қатты нөсер салдарынан су тасқыны болып, салдарынан Шымкент қаласындағы Елтай тұрғын алабын да су басты. Осы себепті, қала әкімі Мұрат Әйтенов кеше кешке қатты жауған жауынның салдарынан су басқан алабқа арнайы барды. Су шайған жерлерді аралап көрген қала әкімі тез арада осы салаға жауапты орынбасарының төрағалығымен тасқын зардаптарын жою және алдын алу жұмыстары жөнінде арнайы комиссия құруды тапсырды.

Мұрат Дүйсенбекұлы, табиғаттың тосын мінез танытуына қарсы шаралар мейлінше күшейтілуін қатаң бақылауға алуды міндеттеді. Сонымен қатар әкім жауыннан келетін қауіпті алдын-ала болжай алмаған жауапты лауазымды азаматтарға тиісті шара көрілетінін мәлім етті.

13 мамыр күні кеше сағат 19.14-те Шымкент қаласы Еңбекші ауданы, Елтай елді мекеніне қатты нөсер салдарынан Түркістан облысы Төлеби ауданынан секундына 3-5 текше метр су келген. Судың деңгейі 20-50 см құрапты. Көп мөлшерде келген судан арық арнасынан асып, соның салдарынан тұрғын үйлердің аулаларын су басқан. Жалпы 60 тұрғын үй аулаларын су басты және 3 шаруашылық құрылысы қирады. 150 адам №119, №41 мектептерде құрылған эвакуациялық пункттерге көшірілген. Авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін Шымкент қаласы ТЖ департаментінің 57 қызметкері, 14 техника мен МП-100 маркалы 14 мотопомпа жұмылдырылып отыр.

Қазіргі таңда қауіпсіздікті сақтау мақсатында құзырлы мекемелер тарапынан қажетті көмек көрсетілуде. Жағдай тұрақты бақылауда.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ж.Тәшенов университетінде жаңа жатақхананың ашылу салтанаты өтті
  • Шымкентте үздік ұлттық киім үлгілері анықталды
  • Аким Шымкента наградил слесаря, спасшего семью от гибели
  • Слесарьдың шұғыл әрекеті отбасын өлімнен құтқарып қалды
  • Шымкенте бұрыңғы қоқыс полигоны орнында экопарк құрылысы басталды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер