Дендросаябақ Асанбай Асқаров атында!

Screenshot_4.jpg

Үшінші мегаполис ТМД елдерінің мәдени астанасы атанғалы қаланың сырт келбеті көркейіп, зәулім ғимараттар бой көтеріп, құрылыс қарқынды жүруде. Саябақтар, аллеялар абаттандырылып, демалыс орындарында жанға жайлы жағдай қарастырылды.

Міне, карантин уақытына қарамастан Шымкент дендросаябаққа жаңа атау берілді. Бұл қала әкімінің бұйрығымен бекітілген еді.

Алғаш рет дендросаябаққа қоғам және мемлекет қайраткері Асанбай Асқаров есімін беру туралы ұсыныс 2016 жылдың 22 желтоқсанында қалалық мәслихаттың кезектен тыс сессиясында айтылды. Сол кезде депутаттар бұл шешімді бірауыздан мақұлдады.

Ал Шымкент дендрологиялық саябақ құру 1979 жылы Асанбай Асқаров бастамасымен бой көтерген болатын. 

Ол 1959–1985 жж. Қазақстан Компартиясы Жамбыл, Алматы және Шымкент облыстық комитеттерінің бірінші хатшысы болды. 

«Тағдыр», «Судьба», «Жұмақ пен тозақ жырлары» атты өлең кітаптарымен бірге «Ұлы Тұранның ұлдары», «Мен еліммен біргемін», «Өлмейтұғын артымда сөзім қалса» атты өсиеттер жинағы жарық көрген. Социалистік Еңбек Ерінің Алтын Жұлдызымен, Ленин, Октябрь Революциясы, Еңбек Қызыл Ту ордендерімен, көптеген медальдармен марапатталған.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ж.Тәшенов университетінде жаңа жатақхананың ашылу салтанаты өтті
  • Шымкентте үздік ұлттық киім үлгілері анықталды
  • Аким Шымкента наградил слесаря, спасшего семью от гибели
  • Слесарьдың шұғыл әрекеті отбасын өлімнен құтқарып қалды
  • Шымкенте бұрыңғы қоқыс полигоны орнында экопарк құрылысы басталды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер