Шымкентте су басқан елді мекендер тұрақты бақылауда

Screenshot_5.jpg

Шымкенттегі су тасқынын тап болған аудандарға дер кезінде көмек көрсетілді. Бұл туралы бүгін ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен брифингте Шымкент қалалық төтенше жағдайлар департаментінің бастығы, азаматтық қорғау полковнигі Н.Дербісов мәлімдеді.

«13 мамырда сағат 19:14 минут уақытында Еңбекші ауданының, Елтай елді мекеніне қатты жауын-шашын салдарынан тау баурайларынан 4 бағыттан су келген. Нәтижесінде арық жүйесі істен шығып, үйлердің ауласына залалы тиді. Жалпы 60 тұрғын үй аулалары мен 60 шаруашылық құрылысын су басқан. Оның ішінде 24 тұрғын үйді су алып, салдарынан бес шаруашылық құрылыс қирады. Қазіргі уақытта департамент мамандарының көмегімен су сору жұмыстары жүргізілді, жергілікті атқарушы орган қызметкерлерінің күштерімен арықтарды механикалық тазарту жұмыстары атқарылуда», - деді Н.Дербісов.

Елтай елді мекені орналасқан №120 орта мектебі мен Маятас елді мекенінде орналасқан №119 орта мектепте көмек көрсетілді. Қазіргі таңда жалпы 331 адам көшірілген. Қаза тапқандар мен жарақаттанғандар жоқ.

14 мамыр күні сағат 01.14-те Еңбекші ауданының, Откорм.совхозының Гаухар тас көшесінде қатты жауын-шашын салдарынан Бадам өзенінің суы тасыған. Жағалаудың бұзылуы салдарынан 2 тұрғын үйдің құлауына қауіп төндірген (үйлерге дейін 7-8 метр арақашықтық).

- Департамент қызметкерлерінің көмегімен қауіп төніп тұрған 2 үйдің 17 тұрғыны №84 орта мектебіне эвакуацияланды. Қаза тапқандар және жарақаттанғандар жоқ. Осындай жағдай, Бадам өзенінің жағасында орналасқан Қарабастау елді мекеніндегі Саяжай көшесіндегі үйлерінде де орын алып, жалпы 13 азамат көшірілді, оның ішінде 6 бала бар. Жалпы төтенше жағдай салдарын жоюға департаменттің 133 қызметкері мен 14 дана техника, 19 дана МП-100 мотопомпалар жұмылдырылды. Одан бөлек, коммуналдық қызметтен 46 қызметкер, 31 дана техника, Ұлтық Ұлан 100 қызметекері және 4 дана техника тартылды, - деді Н.Дербісов.

Айта кетерлігі, 112 кезекшілік қызметіне тұрғындардан су басу қаупіне байланысты 28 қонырау түскен. Барлығын да шұғыл түрде қызметкерлер назарға алып, 973 текше метр су сорылған. Жалпы 97 адам жеке құрам, 23 техника жұмылдырылған.

Еске сала кетсек, КазГидроМет орталығының мәліметтеріне сәйкес, жауын-шашын апта соңына дейін жалғасады. Бұл ретте Департаментте тәулік бойы жұмыс істейтін арнайы штаб құрылған. Қазіргі уақытта келтірілген шығын көлемі анықталуда, барлық жағдай тұрақты бақылауға алынған.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ж.Тәшенов университетінде жаңа жатақхананың ашылу салтанаты өтті
  • Шымкентте үздік ұлттық киім үлгілері анықталды
  • Аким Шымкента наградил слесаря, спасшего семью от гибели
  • Слесарьдың шұғыл әрекеті отбасын өлімнен құтқарып қалды
  • Шымкенте бұрыңғы қоқыс полигоны орнында экопарк құрылысы басталды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер