Оңтүстік қақпа ажарлануда

Screenshot_1.png

Театр киім ілгіштен басталса қала қақпадан басталады. Еліміздің үшінші мегаполисі әрі 2020 жылғы ТМД елдерінің мәдени астанасы Шымкенттің де кіре беріс қақпалары әсем болуы  тиіс. Осы орайда  

қала әкімі Мұрат Әйтенов шаһардың оңтүстігінен кіреберісіндегі көпірдің қасбетін өзгерту мәселесін мамандармен талқылады. Сонымен қатар, Республика даңғылы бойында жүріп жатқан күрделі жөндеу жұмыстарының барысын қарап шықты. Қазіргі таңда мұнда әрлеу және жарықтандыру жұмыстары жүріп жатыр. Осы жылдың сәуір айында басталған күрделі жөндеу жұмыстарына қазынадан 2 млрд 400 млн қарастырылған. Шымкент қаласының Оңтүстік қақпасы саналатын даңғыл бойында жүріп жатқан бұл жұмыстар "Береке" корпорациясына жүктеліпті. Қала әкімі Мұрат Дүйсенбекұлы мердігер компанияға жұмыс сапасына аса назар аударуды тапсырды.

– Республика даңғылындағы жөндеу жұмысының не үшін жүргізіліп жатқанын түсіндіре кетейін. Көптеген тұрғын бұл мәселеге сынмен қарауда. Байқасаңыздар, жолдың бөлу жолағының бір шетіне су қашырғыш құбырлар, екінші жағына лоток орнатылуда. Құбыр қойған себебіміз, оның үстіне веложол салынады. Сол себепті, асфальтті жаңбыр суы көбіне лотокқа қарай құйылатын етіп төсейміз. Жауын-шашын кезінде су сол арнаға құйылады да, жолды су басу қаупі болмайды. Бұл жүйені Байтұрсынов көшесінде байқап көрдік. Соңғы жауын кезінде жұмысы аяқталмаған екі аумақты қоспағанда мұнда су басу жайты болған жоқ,- дейді қала әкімі.

Айта кетейік, Республика даңғылының екі бағытында да 4 жолақты жол қарастырылған. Ұзындығы 5,2 шақырымды құрайтын көпір мен даңғылдың күрделі жөндеу жұмыстарына бүгінде 150 жұмысшы жұмылдырылған. Бұл жұмыстарды 2021 жылдың қыркүйек айында аяқтау жоспарланған.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте еліміздегі ең ауқымды жылыжай салынуда
  • Шымкенттегі ерекше субұрқақ: көрікті орындарды көзбен көріңіз
  • Шымкенттегі университетте аса ірі көлемде бюджет қаражатын жымқырғандар ұсталды
  • Шымкентте қараусыз қалған 92 жастағы тыл ардагері ауыр халде жабық пәтерден табылды
  • Руслан Берденовтің ауруханадағы фотосы жарияланды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер