Абаттандыру жұмыстары жүруде

Screenshot_8.jpg

ТМД елдерінің мәдени астанасы Шымкент күн сайын құлпыруда. Коронавирус жағдайын есепке алмаған үшінші мегаполис өзінің мәдениеті мен өнермен барша елге әп-сәтте танылар еді. Себебі, биыл қаланың көркінен сыр шертетін мүмкіндік туған да еді. Десек те, қаладағы қатаң карантин режимі абаттандыру жұмыстарына кедергісін келтіріп жатқан жоқ. Қазіргі таңда Әл-Фараби ауданы аумағында орналасқан 2 гүлзарда абаттандыру, қайта құру жұмыстары жүргізілуде.

- Д.Қонаев даңғылы мен Ғ.Иляев көшесі қиылысындағы гүлзарды көріктендіру жұмыстарының жобасы қолға алынды. Нысан аумағында газон алаңы толықтай жаңартылып, веложол, жарық шамдар және орындықтар орнатылу қаралған. Қосымша қылқан жапырақты ағаш көшеттері, декоративті гүлдер отырғызылатын болады, – дейді Әл-Фараби ауданының әкімі Ғабит Мәуленқұлов.

Сондай-ақ, Д.Қонаев даңғылы мен Түркістан көшесі қиылысындағы гүлзарды абаттандыру жұмыстары басталған.

Ғабит Мәуленқұловтың айтуынша, бұл нысандар Шымкент қаласының өзіндік келбетін айшықтап, қала тұрғындары үшін демалатын аймаққа айналатын болады.

Айта кетейік, Әл-Фараби ауданының аумағында 13 саябақ, 18 гүлзар, 17 ескерткіш және 11 субұрқақ бар. Бүгінде мұнда тазалыұ жұмыстары уақытылы жүріп, адамдардың таза табиғат аясында демалуы қарастырылған. 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте еліміздегі ең ауқымды жылыжай салынуда
  • Шымкенттегі ерекше субұрқақ: көрікті орындарды көзбен көріңіз
  • Шымкенттегі университетте аса ірі көлемде бюджет қаражатын жымқырғандар ұсталды
  • Шымкентте қараусыз қалған 92 жастағы тыл ардагері ауыр халде жабық пәтерден табылды
  • Руслан Берденовтің ауруханадағы фотосы жарияланды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер