Елімізде карантин режимі сақталғанымен төтенше жағдай алынып, көкейдегі күдік пен қорқыныш сәл де болса сейілген еді. Әсіресе, үшінші мегаполис өзге де ірі қалалардың жанында коронавирус жұқтыру жөнінен салыстырмалы түрде аз көрсеткіште еді. Тұрғындар бірте-бірте тәжіндеттен құтыламыз деп ойлаған да еді. Алайда соңғы 4 күнде тіркелген 218 жағдай елді есеңгіретті.
Шымкент қаласының Бас санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 17 мамырдағы №17 қаулысына сәйкес, коронавирус індетінің таралуына жол бермеу мақсатында қала аумағында түсіндірме жұмыстары қарқынды жүруде. Жұмысын қайта бастаған нысандардағы санитарлық талаптардың қаншалықты сақталғандығын тексеру үшін үшін Шымкент қаласындағы 4 ауданда арнайы мониторинг топтары құрылды.
Әл-Фараби ауданында құрылған мониторинг топтар күн сайын жан-жақсы тексерісті қолға алған. Аудан аумағында орналасқан коммерциялық нысандарының иелерімен және тұрғындар арасында коронавирустық инфекцияның алдын алу бойынша сақтық шаралары күшейтілген.
Аталған мониторингтік топ (аудан әкімі аппараты, аудандық полиция және тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы) қызметкерлерімен коммерциялық құрылымдарға іріктеп, түсіндіру жұмыстары іске асырылып отыр. Яғни, санитарлық нормалардың сақталу барысына бақылау жүргізілуде.
Қауіпті сейілтіп, індетті өршітпеу мақсатында түсіндірме жұмыстары өзге аудандарда да жалғасуда.