Мектеп бітіру рәсімі қатаң тәртіппен өтеді

Screenshot_4.jpg

Бүгінде карантин режиміне байланысты соңғы қоңырау 25 мамырда соғылмайды Бірақ, 3-4 маусым күні 3-4 маусым күндері мектеп ауласында, ашық аспан астында мектеп бітіруші түлектердің ғана қатысуымен өтпек. Шымкентте биыл 8 470 түлек мектепті бітіргелі жатыр. Оның ішінде 6046-ы қазақ тілінде, 1545 оқушы орыс тілінде, ал қалған 879-ы өзбек тілінде аяқтайды.

Шымкент қаласы білім басқармасының мәліметінше, қала мектептеріндегі 6 840 түлек ұлттық бірыңғай тестке қатысуға ниет білдірген.

– Оқушылар биыл 4-тоқсанды қашықтан дәріс ала отырып аяқтайды. Яғни, 9(10) сыныптардың білім алушылары үшін қорытынды бітіру, ал 11(12) сыныптардың түлектері үшін мемлекеттік бітіру емтихандарын тапсырмай-ақ, жылдық баға қорытындысымен білімін аттестаттандыру енгізіліп отыр. Түлектер өздерінің 11 жыл білім алған алтын ұяларымен қоштасса, ұстаздар өздерінің сүйікті шәкірттерін үлкен өмірге қанаттандырады. Енді алдымызда мектеп бітіру кештері және Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысу секілді жауапты шаралар тұр, – дейді Шымкент қаласы білім басқармасының басшысы Жанат Тәжиева.

Шаһардың бас ұстазының сөзінше, білім сынағын тапсыруға өтініш білдіргендер жалпы түлектердің 80,7 пайызын құрайды.

 «Аста-төк дастархан, қызылды-жасылды киім-кешек, кортеж жасап, қыдыру секілді басы артық шығынға биыл жол жоқ», – дейді білім басқармасының басшысы.

Түлектерге білімін растайтын аттестат соңғы қоңырауда табыс етілмек. Ал оған түлектер тек мектеп формасымен келулері тиіс. Тәртіпке бас имегендерге қатаң шара қолданылады


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ж.Тәшенов университетінде жаңа жатақхананың ашылу салтанаты өтті
  • Шымкентте үздік ұлттық киім үлгілері анықталды
  • Аким Шымкента наградил слесаря, спасшего семью от гибели
  • Слесарьдың шұғыл әрекеті отбасын өлімнен құтқарып қалды
  • Шымкенте бұрыңғы қоқыс полигоны орнында экопарк құрылысы басталды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер