Шымкенттік 284 214 азаматқа әлеуметтік көмек тағайындалды

Screenshot_8.jpg

Карантин уақытында тұрғындарға берілетін әлеуметтік көмек халыөты қолдауың бір белгісі. Осы орай да  42 500 теңгенің екінші ағымы бірқатар отбасыларға қуаныш сыйлауда. 

2020 жылғы 21 мамыр, сағат 09:00-дегі мәлімет бойынша Шымкент қаласынан төтенше жағдай кезеңінде әлеуметтік төлемді алу үшін арнайы портал, сайттардан 535 633 адамнан өтініш түскен.

Оның ішінде 284 214 адамға әлеуметтік төлем тағайындалған болса, 272 436 азаматтың өтініш бойынша оларға әлеуметтік төлем тағайындалмайтындығы анықталып, кері қайтарылған.

Жалпы әлеуметтік төлем алатын 285 214 азаматтың ішінде 272 436 өтініштер бойынша, ал, 12 778-іне проактивті (атаулы әлеуметтік алушылар және бірыңғай жиынтық төлем жасаған азаматтар) түрде тағайындалды. Бүгінге дейін 283 897 азаматқа 42500 теңгеден әлеуметтік көмек карталарына аударылған.

Айта кетейік, кері қайтарылып, көмек тағайындалмаған өтініштер – бірнеше рет қайталанған, жұмыс істейтін азаматтардан, зейнеткерлерден, қайтыс болған азаматтар атынан түскен.Әлеуметтік төлем ақысыз еңбек демалысына шыққандар мен жұмыссыз қалғандарға беріледі. Өтініш жазатын азаматтар табысынын айырылғаны туралы деректің дұрыстығына өздері жауап береді. Әлеуметтік төлемді алуға egov.kz веб-порталында өтініш жазуға болады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссия отырысында төтенше жағдай кезінде табысынан айырылғандарға жәрдемақы төленетінін айтқан еді.



Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ж.Тәшенов университетінде жаңа жатақхананың ашылу салтанаты өтті
  • Шымкентте үздік ұлттық киім үлгілері анықталды
  • Аким Шымкента наградил слесаря, спасшего семью от гибели
  • Слесарьдың шұғыл әрекеті отбасын өлімнен құтқарып қалды
  • Шымкенте бұрыңғы қоқыс полигоны орнында экопарк құрылысы басталды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер