Шымкенттік оқушылар олимпиадаға дайындықтарын пысықтады

Screenshot_2.jpg

«Оқу – білім бұлағы» демекші, бүгінде оқу жыля аяқталғанымен Шымкентте республикалық олимпиадаға қатысатын оқушылар үшін онлайн конференция өтті. Бұл онлайн шараны ұйымдастырушы – Шымкент қаласы Білім басқармасы Дарын орталығының директоры Раушан Жеренова жалпы пәндер бойынша республикалық олимпиадаға қатысушылармен интернет-конференция өткізді.

Бұл іс-шараға «Шымкент – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы Қамбар Жани Сайдуллаұлы қатысып, оқушыларға адалдық пен парасатты қоғам идеологиясы негізінде ашықтыққа шақырып, олимпиада барысында әділдік болатынын айтып өтті. Шымкент қаласынан жалпы пәндер бойынша аталған республикалық олимпиадаға жаратылыстану-математика бағыты бойынша 37, қоғамдық-гуманитарлық бағыт бойынша 31 оқушы қатысады.

Бұл тек қана олимпиадаға дайындық ретінде жүзеге аспады. Сонымен қатар, интернет-конференция барысында Дарын орталығының директоры Раушан Омарханқызы оқушыларды толғандырып жүрген бірқатар сұрақтарға жауап беріп, олардың бойына жігер сыйлады. Одан бөлек, дарынды балаларға арналған Білім инновациялық лицейі мұғалімдері өздерінің олимпиадаға дайындау тәжірибесімен бөлісті. Алдағы уақытта жалпы пәндер бойынша республикалық олимпиадаға қатысушыларды қолдау мақсатында интернет-конференциялар өткізіледі.

Осылайша, үшінші мегаполис оқушылары дүбірлі додаға дайындықтарын пысықтап, ұстаздарынан тағылымы мол әңгімесі мен кеңесін тыңдап, тәжірибе жинақтады.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ж.Тәшенов университетінде жаңа жатақхананың ашылу салтанаты өтті
  • Шымкентте үздік ұлттық киім үлгілері анықталды
  • Аким Шымкента наградил слесаря, спасшего семью от гибели
  • Слесарьдың шұғыл әрекеті отбасын өлімнен құтқарып қалды
  • Шымкенте бұрыңғы қоқыс полигоны орнында экопарк құрылысы басталды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер