«Бақытты отбасымен» баспаналы бол

Screenshot_1.png

Баспанаға қол жеткізсем деп армандап жүрген шымкенттіктер үшін жағымды жаңалық. Таяуда Шымкентте «Бақытты отбасы» тұрғын үй бағдарламасына құжаттар қабылдау басталды. Бұл бағдарламаның шарттары қандай, жеңілдетілген несиеге қалай қол жеткізуге болады? Несие шарты да тиімді, жылдық мөлшері – екі пайыз. Оған көп балалы отбасылар, мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған жанұялар мен кәмелет жасына толмаған балалары бар толық емес отбасылар қатыса алады. Бір ғана талап бар. Ол – табыс көлемі  шектік бағадан аспауы керек. Несие сомасының 10 пайызы көлеміндегі алғашқы жарна болған жағдайда жылына 2% мөлшерлемемен несие беріледі. Мерзімі – 20 жылға дейін. Банк өкілдері мұндай мүмкіндіктің бұрын-соңды болмағанын айтады.

 «Бақытты отбасы» бағдарламасына қатысушы азаматтар өзінің әлеуметтік санатын айқындайтын арнайы тұрғын үй сертификатын алуы қажет. Яғни, Шымкент қаласында баспана кезегінде тұрсаңыз және қолыңызда әкімдіктің тұрғын үй басқармасының жолдамасы болса  өтінішіңіз қабылданады.

  «Бұл бағдарламаның көмегімен жаңа және қолданыстағы үйден пәтер немесе жер үй сатып алуға болады. Ең жоғары займ сомасы – Шымкент қаласында 15 миллион теңге. Өтінім беруші жылжымайтын мүлікті баспана кезегінде тұрған аймақта ғана сатып ала алады»,- дейді ТҮҚЖБ Шымкент филиалы бөлім басшысы Нұрлан  Сұлтанов.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ж.Тәшенов университетінде жаңа жатақхананың ашылу салтанаты өтті
  • Шымкентте үздік ұлттық киім үлгілері анықталды
  • Аким Шымкента наградил слесаря, спасшего семью от гибели
  • Слесарьдың шұғыл әрекеті отбасын өлімнен құтқарып қалды
  • Шымкенте бұрыңғы қоқыс полигоны орнында экопарк құрылысы басталды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер