Алдағы бес жылда денсаулық саласы толық медициналық техникамен жабдықталады. Бүгін Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшелерімен кездескен Қасым-Жомарт Тоқаев осылай деп мәлімдеді.
Биыл жұмыспен қамту жол картасының аясында биылдың өзінде жиырма төрт жаңа денсаулық сақтау нысаны пайдалануға беріледі. 2025 жылға қарай мемлекеттік бағдарлама бойынша жиырма ірі клиника салынады. Құрылыс мемлекеттік-жекеменшік серіктестік негізінде жүзеге асырылады.
Осындай жағымды жаңалықтары мен бөліскен Президент, әлеуметтік саладағы түйіткілді мәселелердің барлығында тізбектеп, олардың шешу жолдарын атап көрсетті.
Осы орайда Мемлекет басшысы Үкіметке биылдан бастап дәрігерлердің еңбекақысын кезең-кезеңмен арттыруды тапсырды.
«Олардың айлығы экономикадағы орташа жалақыдан 2,5 есе артық болуы керек. Бұл көрсеткішке 2023 жылға қарай қол жеткізу қажет. Осы күрделі кезеңде баршамыз медицина мамандарының қажырлы еңбегіне куә болдық», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Мен өз басым, Президенттіміздің мәлімдемесін есітіп марқайып, еңбекке деген ынтам оянды. Бүгінгі мемлекет басшысының көтерген бастамалары бойыма күш-қуат беріп, өмірге деген құштарлығымды оятты. Олай болса, тек іске сәт!-дегім келеді.
Сейдехан Әлібек,Тарих ғылымдарының докторы, профессор