Экономикалық аймақта 26 жоба!

Screenshot_5.jpg

Шаһарда орналасқан «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағында 2010 жылдан бүгінгі күнге дейін қатысушы кәсіпорындармен 61,9 млрд.теңгенің өнімі өндірілген. Осы өнімнің жартысынан астамы яғни, 42,1 млрд. теңге сомасындағы өнім таяу және алыс шетелдерге экспортталған. «Оңтүстік» АЭА жұмыс істеген кезең ішінде бюджетке салықтық аударымдар 4,3 млрд. теңгені құрады.

Алдағы уақытта 2020-2022 жылдары жалпы көлемі 60 млрд. теңгеден астам 26 жоба жүзеге асырылмақ. Нәтижесінде 2000 жұмыс орны құрылады деп күтілуде. Ал, осы жылы құны 1,316 млрд теңге болатын 3 жоба аяқталып, 128 жаңа жұмыс орны ашылады.

Яғни аймақта алдағы үш жылда полипропиленді жіп, дәкеден таңғыш материалдар, гигиеналық қағаз, А3, А2, А4 форматындағы қағаз, камуфляжды торлар, униформалар мен арнайы киімдер тігетін және макулатурадан картон өндіретін, бақшаға арналған жазғы аяқ киім өндірісі, аяқ киім және былғарыдан жасалатын өзге де бұйымдар өндірісі жүзеге асырылады.

Шағын орта бизнес кәсіпорындары, шоғырландырылған тоқыма кластері қалыптастырылған арнайы экономикалық аймақта 3434 жұмыс орнын құруды көздейтін жалпы құны 90,1 млрд. теңге болатын 42 жобадан тұрады. Оның ішінде жалпы құны 29,98 млрд. теңгенің 16 жобасы жүзеге асырылып, 1435 жұмыс орны құрылды.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ж.Тәшенов университетінде жаңа жатақхананың ашылу салтанаты өтті
  • Шымкентте үздік ұлттық киім үлгілері анықталды
  • Аким Шымкента наградил слесаря, спасшего семью от гибели
  • Слесарьдың шұғыл әрекеті отбасын өлімнен құтқарып қалды
  • Шымкенте бұрыңғы қоқыс полигоны орнында экопарк құрылысы басталды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер