Төрт түлікке егу жұмыстары жүргізілуде

Screenshot_7.jpg

Жыл сайын мал ауруының алдын алу, егу жұмыстары жүргізіліп тұрады. Маусымдық жұмыстар бүгінде қызу жүргізілуде. Бүгінгі таңда Шымкент қаласы бойынша профилактикалық және диагностикалық іс-шаралар жоспарына сәйкес, жануарлар мен адамға ортақ аса қауіпті 29 түрлі ауруға қарсы диагностикалық зерттеулер алынуда.

Сонымен қатар, 14 түрлі жұқпалы ауруға қарсы профилактикалық егу жұмыстары жүргізілуде.

- Егер жаңадан ауыл шаруашылығы жануарларын сатып алған болсаңыз немесе төлдеген жағдайда «Ветеринариялық қызмет» МКК хабарласу керек. Себебі, індетке қарсы сынама мен екпе барлық малға жүргізілуі тиіс, - дейді жауапты сала мамандары.

Көбіне түрт-түліктен   бруцеллез  және туберкулез аурулары анықталып жатады екен. Сондықтан да, уақытылы мал дәрігерлеріне тексертіп, екпе жасау керектігін қатаң ескертеді. Вакцинацияны жасау міндетті және тегін. Еліміздің әр ауданында, әр ауылында ветеринариялық қауіпсіздік, эпидомиологиялық ахуал бірқалыпты жағдайда дейді мамандар. Сондықтан да малды дер уақытында ектіруге шақырады.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Конституциялық комиссия: жаңа Ата заңды әзірлеудің негізгі алаңы
  • Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы: Әзірлеу үдерісінің ашықтығы мен институционалдық негіз
  • ҚР Ата заңы жобасы: Құндылықтарға негізделген жаңа конституциялық модель
  • ҚР Ата заңы жобасындағы негізгі құндылық - тұрақтылық
  • Қазақстан республикасының жаңа конституциясы: Ата заң жобасының негізгі жаңалықтары
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер