Тағы бір демалыс орны абаттандырылуда

Screenshot_4.jpg

Шымкент қаласында тағы бір демалыс орны көркеюде. Қала басшылығы  Қажымұқан атындағы орталық стадионның жанындағы демалыс аймағын абаттандыруға кірісті.

Мамырдың ортасында жұмысқа кіріскен мердігер компания жаяу жүргіншілер жолындағы жиек тастар мен төсенішті жинастыруда.

Тапсырыс беруші қалалық энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының жобасы бойынша демалыс аймағы жарықтандырылып, көгалдардырылады. Мұнда 500-ден астам көшеттер отырғызылып, гүлдерді егу де қарастырылған. Жасыл желектің күтімін қамту мақсатында гүлзарда суғару жүйесі де болады.

 «Жұмыстар бастауын алды. Тамызда нысан пайдалануға тапсырылады. Демалыс аймағына жақын орналасқан шағынаудандардың тұрғындары және қала қонақтары осында тынығып, бос уақыттарын тиімді өткізеді. Өйткені мұнда денсаулық аймағы да қарастырылған»,- Шымкент қалалық энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының міндетін атқарушы Нұрлан Жаманкөз.

Енді стадионға жаттығуға келген жандар, тұрғындар мен шаһар қонақтары саябаққа саялап, демалуларына болады. 

  Айта кетейік, биылғы жылы қала әкімі Мұрат Әйтеновтың басшылығымен  шаһарда 4 бірдей жасыл демалыс аймағы абаттандырылуда. Атына зат сай қала болашақта гүлзарлар мекеніне айналмақ. 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қолжетімді баға, сапалы өнім: Шымкенттегі сенбілік жәрмеңкелер өтуде
  • Рухы мықты жандардың энергиясы: Шымкентте IV «Жігерлі жүрек» форумы өтті
  • Тоқаев ел жастарына: «Сіздерге отанымыздың тағдырына қатысыңыз бар екенін білдіретін орайлы мүмкінді
  • Қоғамдағы татулық пен тұрақтылықты нығайтуға бағытталған маңызды қадам
  • ОРК референдум алдында үгіт-насихат жүргізуге тыйым салынатынын еске салды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер