Су айдындарында жазатайым оқиғалар тіркелген жоқ

Screenshot_3.jpg

Шымкент қаласындағы су айдындарында шомылу маусымы кезеңінде азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында жергілікті атқарушы органдар, полиция департаменті және Ұлттық ұланмен бірлескен жұмыс жүргізілуде. Бұл туралы Ақпараттық коммуникация орталығында өткен баспасөз брифингінде Шымкент қаласының Төтенше жағдай департаменті басшысының орынбасары Ерғали Бахаев мәлімдеді.

Қазіргі таңда қаладағы 5 демалыс орны арнайы қаулы жобасына енгізілген.

- Қала аумағында Бадам және Сайрам су өзендері бар, шомылу маусымы кезінде олардың тереңдігі 50 сантиметрден саяз, сондықтан бұл акваторияларда шомылуға болмайды, - деді спикер.

Төтенше жағдай енгізілген кезде адамдардың жаппай демалатын орындарының қызметі тоқтатылғанына қарамастан, су айдындарында жазатайым оқиғалардың алдын алу бойынша белсенді үгіт-насихат жұмыстары жүргізілуде. 2020 жылға әлеуметтік аз қамтылған отбасылардың балаларын демалыс орындарында шомылуға үйрету бойынша меморандумдар жасау үшін аудан әкімдіктерімен жұмыстар жүргізілуде.

Бүгінгі таңда Шымкент қаласының су айдындарында жазатайым оқиғалар тіркелген жоқ.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте еліміздегі ең ауқымды жылыжай салынуда
  • Шымкенттегі ерекше субұрқақ: көрікті орындарды көзбен көріңіз
  • Шымкенттегі университетте аса ірі көлемде бюджет қаражатын жымқырғандар ұсталды
  • Шымкентте қараусыз қалған 92 жастағы тыл ардагері ауыр халде жабық пәтерден табылды
  • Руслан Берденовтің ауруханадағы фотосы жарияланды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер