Тарихқа жаңаша баға берілуде

Screenshot_4.png

Қарт тарихтың қойнауына көз салсақ, қазақ халқының мерейі үстем болған дәуірлермен қатар, қайғы-қасірет тартқан кезеңдері де аз емес екенін байқаймыз. Тарихтың ақтаңдақ беттерін парақтаған сайын 31 мамыр – саяси қуғын-сүргiн және ашаршылық құрбандарын еске алу күнiнің маңызын тереңірек ұғына түсеміз.

Жалпы, сол жылдары Қазақстанда 125 мың адам қуғындалып, оның 25 мыңнан астамы өлiм жазасына кесiлдi. Бұл тек зиялы қауымға қарсы жасалған қуғын-сүргiн емес, тұтас қазақ руханиятына қарсы қолданылған репрессия болатын. Тоталитарлық жүйенің ұлт руханиятын жою арқылы қазақтың өзiн де тарих сахнасынан бiржола ысырып тастауды көздеген геноциді болатын.

Осынша қанды қасапты пен зұлматты бастан өткізгеніне қарамай қазақ халқы өзінің ұлттық болмысынан біржола айырылып қалған жоқ. Болашаққа деген сенімін жоғалтпады, үмітін үзбеді. Әйтпесе, халқымыз қазақ жеріне күштеп депортацияланған миллиондаған адамға бір үзім нанын бөліп беріп, пана болар ма еді?! Олардың қатарында корейлер, финдер, немістер, поляктар, күрдтер мен қарашайлар, месхеттік түріктер, кавказдықтар және басқа да көптеген ұлыстар бар еді.

Үздіксіз жалғасқан саяси науқандар мен қуғын-сүргіннен есін жия алмай жатқанына қарамастан, қазақ халқы, тағдырдың тәлкегіне түскен барша ұлыстарды бауырына басты. Кеңестік биліктің пәрменімен қазақ жеріне қоныс аударған сол этностар өкілдері бүгінде біздің бауырларымызға, отандастарымызға айналды.

Тәуелсіздік жылдарында Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Тарих өткеннің сабағы. Біз өткенімізге қарап, ертеңімізді түзеуіміз керек» деген сындарлы сөзі тарихи сананы жаңғыртуға, ұлттық рухтың өрлеуіне жол ашты. Егемендік жылдарында ел тарихының көмескі беттері қайта ашылып, мемлекетіміздің соңғы жүзжылдықта жүріп өткен сүрлеуіне жаңаша баға берілуде.

1997 жылы Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Жарлығымен 31-мамыр саяси репрессия құрбандарын еске алу күні болып белгіленді. Біздің халық қуғын-сүргін кесірінен жазықсыз жапа шеккен қайраткерлердің есімдерін еске алу, олардың рухтарына құрмет көрсетуді әр уақытта да есінен шығарған емес.

Бұл – тарихтан тағылым алып, биік мақсат – «Мәңгілік Елге» бет алған ұлы халықтың ұлағатты ісі.

Тарихи жадымызда жатталған сол замандағы қиын кезеңдердің табы біздің бірлігімізді одан әрі бекемдеп, халықтың жадында мәңгілікке сақталатын болады.

Бахадыр НАРЫМБЕТОВ,

«Нұр Отан» партиясы

Шымкент қалалық

филиалы төрағасының

бірінші орынбасары


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ж.Тәшенов университетінде жаңа жатақхананың ашылу салтанаты өтті
  • Шымкентте үздік ұлттық киім үлгілері анықталды
  • Аким Шымкента наградил слесаря, спасшего семью от гибели
  • Слесарьдың шұғыл әрекеті отбасын өлімнен құтқарып қалды
  • Шымкенте бұрыңғы қоқыс полигоны орнында экопарк құрылысы басталды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер