Мемлекеттік грантқа құжат қабылдау басталды

Screenshot_2.jpg

Халықты жұмыспен қамту орталығында мемлекеттік грантқа құжат қабылдау басталды.Енді қала тұрғындары әкімдікке барып, жұмыспен қамту бойынша мәселелерін шеше алады.

Төмендегі санаттағы азаматтар мемлекеттік грантқа қатыса алады және оларға «Бастау бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне немесе қысқа мерзімді кәсіптік оқыту курсынан өту талап етілмейді.

• Тұрмысы төмен, аз қамтамасыз етілген атаулы әлеуметтік көмек алатындар;

• Табысы аз және (немесе) көпбалалы отбасылардың мүшелері;

• Оралмандар мен қоныс аударушылар.

Сондай-ақ, «Бизнес бастау» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне және қысқа мерзімді кәсіптік оқыту курстарынан өтіп, арнайы сертификат алған жұмыссыз және бірыңғай жиынтық төлем жүргізген азаматтар мемлекеттік грантқа үміткер бола алады.

Грантқа өтініш білдіру үшін келесі құжаттар талап етіледі:

1. Өтініш;

2. Жеке куәлік;

3. Бизнес жоспар;

4. Аз қамтылған және көпбалалы болған жағдайда оларды растайтын тиісті құжаттар;

Халықты жұмыспен қамту орталығының мекен-жайы: Шымкент қаласы, Нұрсәт м/а, Бәйтереков көшесі, 89.

Байланыс телефондары:

Қаратау ауданы - 87022502769, 87071069790, 87053516076, 87752141188, 87473008802, 87785805054

Еңбекші ауданы - 87015705445, 87473491800, 87079709090, 87752389028, 87786015874, 87765756000.

Әл-Фараби ауданы - 87761764040, 87058519000, 87081791987, 87762180227, 87026967696, 87752321442.

Абай ауданы - 87752470855, 87028188009, 87760101901, 87025788794, 87786586155, 87752389028.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Устойчивый рост промышленности как основа экономической модернизации
  • Өнеркәсіптің тұрақты өсуі – экономикалық жаңғыртудың негізі
  • В Шымкенте торжественно открылся новый учебный корпус военного колледжа имени Сабыра Рахимова
  • Шымкентте C.Рахымов атындағы әскери колледждің жаңа оқу корпусы ашылды
  • Официальный визит Президента К.Ж.Токаева в Китайскую Народную Республику завершился
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер