Шымкент әкімі балаларды қорғау күнімен құттықтады

Screenshot_4.jpg

Жаздың алғашқы күні баршаңызға белгілі кішкентай бүлдіршіндер мерекесі. Балалардың мерекесін назардан тыс қалдырмаған Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов 1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтады. Мерекеге орай, әкім қаладағы балалар үйінің тәрбиеленушілерімен онлайн кездесіп, олардың дайындаған концерттік бағдарламасын тамашалады.

Бүгінде әр баланың дені сау, сапалы білім мен саналы тәрбие алуы үшін мемлекет тарапынан барлық жағдайдың жасалып жатқанын айтқан қала басшысы кез келген сәтте балалар үйінің тәрбиеленушілеріне қолдау көрсетілетінін атап өтті.

«Құрметті балақайлар! Сіздерді жаздың алғашқы күнімен келіп жеткен айтулы мерекемен құттықтаймын! Жазғы демалысты ұтымды пайдаланып, көңілді өткізулеріңізге, шынығып жаңа оқу жылына күш жинауларыңызға тілектеспін»,-деді М.Әйтенов.

Айта кетейік, биылғы жылы №3, 4 балалар үйлері тәрбиеленушілерінің жазғы демалысын ұйымдастыруға 45,8 млн. теңге қаржы қаралған. Балаларға 2020 жылғы 10 маусым мен 28 тамыз аралығында «Бәйшешек» сауықтыру лагерінде жазғы сауықтыру шаралары ұйымдастырылады. Енді олар сол уақыт аралығында мектептен демалып, жазғы демалыстарын ойдағыдай өткізуге мүмкіндіктерін жасайды.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қолжетімді баға, сапалы өнім: Шымкенттегі сенбілік жәрмеңкелер өтуде
  • Рухы мықты жандардың энергиясы: Шымкентте IV «Жігерлі жүрек» форумы өтті
  • Тоқаев ел жастарына: «Сіздерге отанымыздың тағдырына қатысыңыз бар екенін білдіретін орайлы мүмкінді
  • Қоғамдағы татулық пен тұрақтылықты нығайтуға бағытталған маңызды қадам
  • ОРК референдум алдында үгіт-насихат жүргізуге тыйым салынатынын еске салды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер