Бозарықтықтардың мәселесі оңтайлы шешілді

Screenshot_7.jpg

Қаратау ауданына қарасты Бозарық — 1 елдімекенінде  орналасқан электр жүйесінің күтімі және жұмысын қамтамасыз етуге  енді мемлекеттік жекешелік әріптестік аясында кәсіпкерлер тартылмақ.

Елдімекенді сапалы электр жарығымен қамту бағытында екі жыл бұрын құрылыс жұмыстары жүргізіліп, құны 600 млн-ды құраған нысан пайдалануға тапсырылған. Алайда көп ұзамай электр тарату бекетіндегі құрылғылар ұрланып, электр жарығымен қамтуда келеңсіздіктер пайда болыпты.

«Тарату бекетінде «микон» деген ең қажетті  құрылғысы  ұрланған. Оны мердігер өз есебінен қайта орнықтырып, өшкен кезде бізде өз тарапымыздан әрекет жасағанбыз. Мемлекеттік жүйелерге бүгінгі таңда қызмет көрсететін мекеме жоқ. Арыз көп болған соң комиссия счетная комиссия тексерді», дейді  қалалық энергетика және коммуналдық шрауашылық басқармасының өкілі  Нұрлан Жаманкөз.

Электр жүйесінің жұмысын қадағалайтын және күтіміне жауапты мекемені шенеуніктер мемлекеттік жекешелік әріптестік арқылы шешуді ұйғарыпты. «Кәсіпкерлер ұсыныспен шыққан еді, олар күтіп ұстап осындағы елдімекенді электр жарығымен үздіксіз қамтуды ұйымдастырмақ. Бұл МЖӘ арқылы жүзеге аспақ»,- дейді  Нұрлан Жаманкөз.

Қазіргі таңда қаланың іргесіндегі Бозарық-1 елдімекеніндегі тұрғындар тұтынған электр жарығы үшін 1 киловат/сағатына 14 теңге шамасында және 70 киловаттан артық тұтынса диференциалды тарифпен төлем жасайды. Басқармадағылар электр жүйесін күтіп-баптау кәсіпкердің қадағалауына өтсе де тариф сол баяғы күйінде қалады дейді мамандар.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Норма об унитарности государства, неотчуждаемости территории Казахстана остается неизменной
  • Народный совет Казахстана будет представлять интересы всех граждан страны – Бакыт Нурмуханов
  • Ценности брака и семьи усилят на конституционном уровне в Казахстане
  • Преамбула Конституции Казахстана получит полностью новую редакцию
  • Конституционная реформа: поправки затронут 84% текста Основного закона Казахстана
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер