256 көше жөндеуден өтеді

Screenshot_2.jpg

Биыл үшінші мегаполисте жол жөндеу жұмыстары қыза түсуде. Шымкент қаласындағыи Рысқұлов пен Түркістан көшесі аралығындағы Байтұрсынов көшесінде 6 маусымнан бастап, 13 маусымға дейін орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов хабарлады.

– Өздеріңізге мәлім, қаладағы бірнеше басты жолдарда жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Көптеген тұрғындардан сауалдар мен пікірлер байқап жатырмыз. Бүгін өзім де арнайы мердігерлердің жұмысын қадағалап, халықтың қолайлылығы мен қауіпсіздігін бақылап қайттым.

Түсінеміз, тұрғындар үшін кішкене автобустардың аялдамаларда тоқтауы, кептелістер қолайсыздық тудырып жатыр. Дегенмен, бір-екі күндік бұл кедергілер кейін жылдар бойы сапалы, қолайлы, төзімді, әрі әдемі жолдарға жеткізеді.

Көпшілігі, жыл сайын жөндей береді деп ойлайды. Бұл олай емес. Бір жылы арықтар салынуы мүмкін, бір жылы газ құбырлары мен конализация жүйесі жүруі мүмкін, былтыр жаяу жүргіншілер мен вело жолдар салынды. Биыл, басқа көшеде жолдар салынып жатыр. Мұның барлығы тұрғындар үшін, қаламыз үшін екенін айтқым келеді», - дейді Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов.

Жалпы, бүгінгі таңда қаламызда 175 көше жөнделіп жатса, биылғы жылы жоспар бойынша 256 көшеге орташа және күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Устойчивый рост промышленности как основа экономической модернизации
  • Өнеркәсіптің тұрақты өсуі – экономикалық жаңғыртудың негізі
  • В Шымкенте торжественно открылся новый учебный корпус военного колледжа имени Сабыра Рахимова
  • Шымкентте C.Рахымов атындағы әскери колледждің жаңа оқу корпусы ашылды
  • Официальный визит Президента К.Ж.Токаева в Китайскую Народную Республику завершился
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер