Шымкентте жылыту маусымына дайындық басталды

Screenshot_3.jpg

Шымкентте COVID-19 пандемиясына байланысты енгізілген шектеулерге қарамастан ERG құрамындағы «3-Энергоорталық» АҚ жұмысын штатты режимде жалғастыруда. Сала мамандары жылыту маусымын аяқтай салысымен бірден қысқы маусымға дайындығын бастап кетті. 

– Орталықта қондырғыларды жаңартуға, қазандықтар мен турбиналарды ақаусыз техникалық күйде ұстауға күш жұмсадық. Мақсатымыз - Шымкентті жылу және электр энергиясымен сенімді және сапалы түрде қамтамасыз ету. Күрделі жөндеуге 825,53 млн теңге, ал ағымдағы жөндеулерге 250 млн теңге инвестицияланады, – дейді «3-Энергоорталық» АҚ Бас директоры Қайрош Оңғарбаев.

Станцияда қажетті сатып алу рәсімдері жүргізіліп, мердігер ұйымдар анықталған. Жөндеу жұмыстарына және қажетті материалдарды жеткізуге қатысты келісімшарттар түзілген.

Бүгінгі таңда, мердігер компания №1 қазандыққа, химиялық цехтағы тұзсыздандыралған және жартылай тұзсыздандырылған бакқа, сонымен қатар санитарлық-тұрмыстық орындарға күрделі жөндеу жүргізуде.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қолжетімді баға, сапалы өнім: Шымкенттегі сенбілік жәрмеңкелер өтуде
  • Рухы мықты жандардың энергиясы: Шымкентте IV «Жігерлі жүрек» форумы өтті
  • Тоқаев ел жастарына: «Сіздерге отанымыздың тағдырына қатысыңыз бар екенін білдіретін орайлы мүмкінді
  • Қоғамдағы татулық пен тұрақтылықты нығайтуға бағытталған маңызды қадам
  • ОРК референдум алдында үгіт-насихат жүргізуге тыйым салынатынын еске салды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер