Карантинде тойхана қызметіне рұқсат етілмейдІ

Screenshot_4.jpg

«Той десе, қу бас домалайды» демекші, 2020 жылы шаңырақ көтеріп жатқандар көп болғанымен, дүркіретіп тойлау жағы шектеліп тұр.Шымкент қаласының Кәсіпкерлер палатасында Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Ербол Садыр, қалалық тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Ә.Төлебаевтың қатысуымен өткен жиында тойхана, мейрамханалардың мәселесі талқыланды.

– Бүгінде қалада эпидемиологиялық жағдай күрделі. Сондықтан карантиндік режим аяқталғанша тойханалардың қызметін бастауға рұқсат берілмейді. Егер 22 маусымнан кейін санитарлық-эпидемиологиялық жағдай тұрақталса, тойханаларды ашуға байланысты жеңілдіктерді қарастырамыз, -деді қала әкімінің орынбасары Ербол Әбілхайырұлы.

Айта кету керек, Шымкентте сыйымдылығы 250 адамнан асатын 100-ге жуық тойхана бар. Төтенше жағдай енгізілгенге дейін әр тойханада айына орта есеппен 15 тойдан өткізіліп келген. Жалпы бұл салада 6 мыңнан астам адам жұмыс істесе, 500-ден астам кішігірім бизнес ұйымдары осы салада қызмет көрсетеді.

Пандемия өршіп тұрғанымен шымкенттік ағайын арқаны кеңге салып жүрген сыңайлы. Қалада түсіндірме жұмыстары мен шектеу шараларын тексеру қызып тұр. Мобильдік топтар да белсене қызмет атқарып, бағаны бақылауда ұстап тұр. Әсіресе, тойхана мен той мәселесі биліктің назарын өзіне аудартып отыр. 

Бүгінде тойхана есебінен жан баққан азаматтардың 90 пайызы жұмыссыз қалып отыр.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Устойчивый рост промышленности как основа экономической модернизации
  • Өнеркәсіптің тұрақты өсуі – экономикалық жаңғыртудың негізі
  • В Шымкенте торжественно открылся новый учебный корпус военного колледжа имени Сабыра Рахимова
  • Шымкентте C.Рахымов атындағы әскери колледждің жаңа оқу корпусы ашылды
  • Официальный визит Президента К.Ж.Токаева в Китайскую Народную Республику завершился
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер