Еңбекші ауданынын мониторинг тобы түсіндіру жұмыстарын жүргізді

Screenshot_8.jpg

15 маусымдағы жағдай бойынша жалпы статистикаға қосылмаған коронавирус індетінің белгілері жоқ тағы 57 тасымалдаушы тіркелген. Елімізде короновирус инфекциясымен ауырғандар саны 15 мыңнан асты. Өткен тәулікте тағы 383 адамнан коронавирус анықталған. Осылайша, Қазақстанда COVID-19-бен ауырғандар саны 15192-ге жетті.

Еңбекші ауданында құрылған мониторинг тобы Д. Ерімбетов, Ж. Шаяхметов көшелері мен 18, 17 шағынаудандарда орналасқан дүкендер мен қоғамдық тамақтану орындарын аралап, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті мамандары, полиция және әкімшіліктен құрылған жұмысшы топ санитарлық қауіпсіздікті бақылап, кәсіп иелеріне тарапқа сай жұмыс істеуді ескертті.

Еңбекші ауданында орналасқан Айна базарында аптаның әр дүйсенбісі тазалық күні. Бүгін базар толығымен коронавирусқа қарсы дезинфекцияланды. Залалсыздандыру жұмыстары аудандағы өзгеде сауда орындары мен адамдар көп шоғырланатын аумақтарда жүргізілді.

Қаулыға сай жұмыс жүргізбесе шара көрілетінінде атап өтті.

Айта кетейік, жұмысшы топ мұндай бақылау жұмыстарын күнделікті жүргізіп отыратын болады.

Өкінішке қарай, 15 маусымда тағы төрт адамның COVID-19-дан қайтыс болғаны хабарланды. Өлім жағдайлары Алматы қаласымен Ақтөбе, Павлодар облыстарында тіркелген. Осы үшін де бүгінде қалада сақтық шаралары мен санитарлық талаптардың сақталауын жіті баұылауда ұстап отыр.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ж.Тәшенов университетінде жаңа жатақхананың ашылу салтанаты өтті
  • Шымкентте үздік ұлттық киім үлгілері анықталды
  • Аким Шымкента наградил слесаря, спасшего семью от гибели
  • Слесарьдың шұғыл әрекеті отбасын өлімнен құтқарып қалды
  • Шымкенте бұрыңғы қоқыс полигоны орнында экопарк құрылысы басталды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер