«Үздік педагогтар» бақ сынасуда


Screenshot_15.jpg

Пандемияға байланысты қашықтан білім алып, бұл бағытта да тәжірибе жинақтап, соңғы қоңырауды да онлайн өткізіп алдық. Енді шымкенттік ұстаздарды алда «Үздік педагог» атты сайысы күтіп тұр. Аталған конкурсқа жалпы саны - 156 педагог өз өтінімдері мен құжаттарын тапсырған екен. Дүбірлі доданың мақсаты – «Педагог мәртебесі туралы» Заңына сәйкес, педагогтердің іс-тәжірибесін насихаттау, мұғалімнің қоғамдық негізгі бейнесін қалыптастыру, қала мұғалімдерінің белсенділігін, дербестігін, креативтігін, шығармашылық ізденістігін көтеру, нәтижеге бағытталған тиімді технология мен оқыту әдістерін іздеу.

 Үшінші мегаполис ұстаздарына «Үздік педагог» атағын беру қағидаларының ерекшеліктері» тақырыбында тәжірибе алмасу семинары өткізіліп, «Үздік педагог» атағын беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы №12 бұйрығына енгізілген өзгерістер туралы айтылды, конкурс ережесі таныстырылды. «Үздік педагог» атағын беру қағидаларының ерекшеліктерімен жыл бойы әдістемелік орталық қызметкерлерінің түрлі іс-шаралар ұйымдастырылып, жүйелі түрде жұмыстар жүргізілді. 

–  Осы орайда конкурсқа қатысушы үміткерлер құжаттар мен тапсырылатын әдістемелік ұсынымдардың талапқа сай рәсімделу тәртібін толық таныстыру мақсатында келесідегідей іс-шаралар үйымдастырылды. Аталған конкурсқа дайындық жұмыстарын жүргізе беру туралы айтылды. Іс-шара №90 жалпы білім беретін мектепте өтті. Барлық білім беру мекемелерінің директор орынбасарлары қатысуымен «Үздік педагог-2019» республикалық байқауы жеңімпазының авторлық зертханасы туралы онлайн семинар өткізілді. Семинар барысында педагогикалық шығармашылық бағыттар туралы, әдістемелік көмекші құралдар, авторлық бағдарламалар және оқушыларды ғылыми жобаға дайындаудың тиімді жолдары айтылды, - дейді қалалық білім басқармасының басшысы Жанат Тәжиева. 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ж.Тәшенов университетінде жаңа жатақхананың ашылу салтанаты өтті
  • Шымкентте үздік ұлттық киім үлгілері анықталды
  • Аким Шымкента наградил слесаря, спасшего семью от гибели
  • Слесарьдың шұғыл әрекеті отбасын өлімнен құтқарып қалды
  • Шымкенте бұрыңғы қоқыс полигоны орнында экопарк құрылысы басталды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер