Сақтыққа салғырттық танытқан кәсіпкерлерге ескерту берілді

Screenshot_7.jpg

Шымкент қаласында короновирус инфекциясының алдын алу шараларына салғырттықпен қараған кәсіпкерлерге ескерту берілді. Шымкент қаласы тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің Қаратау аудандық басқармасы мен аудандық әкімдіктің, жергілікті полиция басқармасының және БАҚ өкілдерінің қатысуымен «Нұрсәт» шағынауданындағы сауда және қызмет көрсету нысандарына кезекті мониторинг жүргізілді.

Тексеру барысында нысандарда маскалық режимнің сақталуы, санитайзерлер мен дезинфекциялық кілемшелермен жабдықталуы, сондай ақ келушілер арасындағы арақашықтықтың сақталуы, қызметкерлердің санитариялық талапқа сай қызмет көрсетуі назарға алынды.

Сондай-ақ мамандар бұл аталған нысандарға келушілер арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Карантиндік режимге сай санитарлық және эпидемиологиялық талаптарын ішінара сақтамаған бірқатар нысан иелеріне ескертулер жасалды.

Жалпы Қаратау ауданда 50 адамнан жоғары қызмет көрсететін — 101 қоғамдық тамақтану орны және 45 мейрамхана бар. Бұдан бөлек, аудан аумағында  162 сауда орны қадағалауға алынған. Бүгінге дейін бұл нысандарда өрескел тәртіп бұзушылыққа қатысты әкімшілік хаттамалар толтырылмаған.

Ескерте кетейік, Шымкент қаласында карантин уақыты 22 маусымға дейін ұзартылған болатын. 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте еліміздегі ең ауқымды жылыжай салынуда
  • Шымкенттегі ерекше субұрқақ: көрікті орындарды көзбен көріңіз
  • Шымкенттегі университетте аса ірі көлемде бюджет қаражатын жымқырғандар ұсталды
  • Шымкентте қараусыз қалған 92 жастағы тыл ардагері ауыр халде жабық пәтерден табылды
  • Руслан Берденовтің ауруханадағы фотосы жарияланды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер