Перзентханада күрделі жөндеу жұмысы жүріп жатыр

Screenshot_9.jpg

Шымкентке жұмыс сапарымен келген ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов және қала әкімі Мұрат Әйтенов күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан перзентханаға арнайы барды.

Қазіргі уақытта 2 корпуста жөндеу жұмыстары аяқталған. Алда мекеменің 6 корпусында жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Құрылыс жұмыстарын жүргізіп жатқан «Строи.ком Прогресс» компаниясы қазан айында перзентхананы қолданысқа беруді жоспарлап отыр.

Қазіргі кезде жүкті әйелдер қалалық перзентхананың ескі ғимаратында қажетті медициналық көмек алуда. Жөндеу жұмыстарынан кейін ғимараттың материалдық-техникалық базасы 100 пайыз жаңартылып, ана мен балаға сапалы медициналық көмек көрсету мүмкіндігі артады.

Медициналық мекемені аралап көрген министр Елжан Амантайұлы шұғыл медициналық көмек көрсететін реаниматолог, хирург, акушер-гинеколог сынды мамандардың тапшы екенін айтты. Сондай-ақ, олардың мәртебесін көтеру қажеттігін ерекше атап өтті.

Шымкент қалалық перзентханасы - перинаталдық көмек көрсетудің екінші деңгейлі мекемесі. Мұнда қалалық емханаларға қарасты тіркеуде тұрған әйелдерге акушерлік-гинекологиялық көмек көрсетіледі. Мұнда жылына орташа есеппен 9 мың ана босанады, жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін бұл көрсеткіш артады деп күтілуде.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ж.Тәшенов университетінде жаңа жатақхананың ашылу салтанаты өтті
  • Шымкентте үздік ұлттық киім үлгілері анықталды
  • Аким Шымкента наградил слесаря, спасшего семью от гибели
  • Слесарьдың шұғыл әрекеті отбасын өлімнен құтқарып қалды
  • Шымкенте бұрыңғы қоқыс полигоны орнында экопарк құрылысы басталды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер