Ескі қалашық - қала бренді

Screenshot_10.jpg

ТМД елдерінің мәдени астанасы жылына орай көне Шымкенттің 2200 жылдығын мерекелеу қарсаңында Ескі қалашық шаһардағы тарихи сәулеттік жобаның біріне айналары анық. Бүгінде аталған орында археологтер, реставраторлар мен құрылысшылардан құралған 100 шақты адам аспан асты музейінің құрылысында еңбек етіп жатыр.

2002-2003 жылдары Ә.Марғұлан атын­дағы археология институты мен М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дың бірлескен экспедициясының көмбе заттарды қа­зып шығару жұмыстарының нәтижесі Шымкенттің тарихи жасы 2200 жыл деген қорытынды жасауға себеп болды. Зерттеулер қаланың біздің заманымызға дейінгі екінші мыңжылдықтан бастау алатын тарихы тым тереңде екенін дәлелдеп берді. Ескі қалашықтағы мәдени қабаттардың тереңдігі орта есеппен 14 метр­ге дейін барады. Археологтер ең төменгі қабатынан б.з.д. ІІ ғасырдың басы мен ІІІ ғасырдың аяғы деп көрсетілген керамика бұйымдарының бөліктерін тапқан.

Осылайша археологтердің бірлесе күш салуының нәтижесінде келешек туристік, тарихи орынның 8 мың шаршы метр аумағында аршу жұмыстары жүргізілуі керек еді. Сол аралықта ХІХ ғасырдағы қалалық цитаделдің тарихи тұрпатын қалпына келтіру үшін реставраторлар да қосылды. Құжат қабырғалар мен мұнараны, қырғын кезіндегі және бақылау алаңшаларын, кіру есіктерін қайта қалпына келтіруге жол ашты. Ал 2019 жылдың күзінде тарихи жердегі қазба жұмыстарына құрылысшылар да кірісті.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте сакура гүлдеді
  • Агенттік өкілдері жемқорлар ұрланған ақшаны көбінесе қайда жұмсайтынын айтты
  • Садрадиннің Шымкентте өткен концертінен шу шықты
  • Шымкентте саябақтардың орнына тұрғын үйлер салынбайды
  • Шымкентте Наурызды тойлауға 151 млн теңге бөлінді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер