Кесел кісі таңдамайды! Соңғы бір аптада билік өкілдерінің арасынан да тест сынамасы оң нәтиже көрсетіп, ауруханаға түсіп жатыр. Мәжіліс депутаты Бекболат Тілеухан мен денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтан бастап тіпті әкімдер де жұқтырып алған кеселін халықтан жасырмай жариялап отыр. Сондықтан Шымкент шаһарда сақтық шаралары мен залалсыздандыру жұмыстары үздіксіз жүруде.
Елімізде 1 маусымнан бастап жолаушылар пойызы жүріп бастаған еді. Ал билеттер 15 мамырдан сатыла бастаған. Адам көп жүретін, бір қаладан екінші қалаға қатынауға септігін тигізіп жүрген темір жол вокзалында қазір қатаң тәртіп бар. Жолаушылар міндетті түрде бетпердемен жүреді. Әлеуметтік ара қашықтық, вагондар арасында жолаушылардың жүріп-тұруы талапқа сай жүргізілуде. Адамдардың дене температурасы ғимараттың ішіне кіреберісте автоматты түрде анықталып, күзетшілерге монитор арқылы белгі береді. Ауа баптағыш құрылғылар арқылы дизенфекциялық жұмыстар жүргізіледі.
- Тұрғындардың қауіпсіздігі үшін ғимарат тазалығына 10 қызметкер жұмылдырылған. Күніне 4 мезгіл дезинфекция жасалады. Жазғы демалыс маусымы басталғалы пойыз жол қызметіне жүгінген жолаушылар қатары артқан. Тұрғындар тек тасымалдау тоқтамаса болды, тәртіпті сақтауға дайынбыз, - дейді Шымкент Темір жол вокзалының басшысы Ерғали Мырзахмет.