Шымкент қаласының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы «Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін «5 миллион теңгеге дейінгі» мемлекеттік гранттар беру бойынша байқау өткізу туралы хабарлайды.
«Бизнестің жол картасы -2025» мемлекеттік бағдарламасының қаржылық операторы болып табылады және ШОБ субъектілеріне несиелер бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау және екінші деңгейлі банктердің кредиттеріне кепілдік беру жолымен үш бағытта қолдау көрсетеді:
1) моноқалалар, шағын қалалар мен ауылдық елді мекендер кәсіпкерлерінің қаржыландыруға қолжетімділігін арттыру, оның ішінде отбасылық кәсіпкерлікті дамыту
2) өңдеу өнеркәсібі өндірген өнімінің көлемін ұлғайту
3) Шетелдік валюталардың ауытқуларына байланысты валюталық тәуекелдердің кредиттік тәуекелдерге көшуіне жол бермеу.
Бағдарламаның мақсаты экономиканың шикізаттық емес секторларындағы өңірлік кәсіпкерліктің тұрақты және теңгерімді өсуін қамтамасыз ету, сонымен қатар бар жұмыс орындарын сақтау және тұрақты жұмыс істейтін жаңа жұмыс орындарын құру болып табылады.
Байқауға қатысу үшін өтінім беру орны: Шымкент қаласы, Ерімбетов көшесі 304г, «Бизнеске арналған үкімет»
Байқауға құжаттамаға өтінімдерді қабылдау: 2020 жылдың 15 маусымы сағат 10-00-ден бастап,
Өтінімдерді беруді аяқтау күні мен уақыты: 2020 жылғы 29 маусымы сағат 13-00-ге дейін;
Көрсетілген мерзім өткеннен кейін түскен өтінімдер қабылдауға жатпайды.
Байланыс телефондары: 8 708 -359-01-22, 8(7252)-24-75-12, 8(7252)-24-74-27
(толық ақпарат Шымкент қаласы әкімдігінің ресми сайтында орналасқан shymkent.gov.kz, «Кәсіпкерлік» бөлімінде).
Егер Сіз кәсіпкер болсаңыз!
Егер Сізде инновациялық идеялар болса!
Байқауға қатысып, өзіңіздің инновациялық жобаңызды іске асыруға мүмкіндік бар.