Мүгедек балаларды үйде отырып бақылай алады

Screenshot_5.jpg

Ата-аналар мүгедек балаларын үйде отырып-ақ бақылай алады. Шымкенттегі «№6 балалар арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында» цифрлық камералар орнатылып жатыр.

Бұл Шымкенттегі өздігімен жүріп-тұра алмайтын мүгедек балалар ем-дом алатын бірден-бір мекеме. 100-ден астам кемтар балаға пана болған орталықта бақылау камералары орнатылып жатыр. Цифрлық құрылғылар арқылы ата-аналар мұндағы ұл-қыздарының жағдайын алақандағыдай бақылай алады. 8 жылдан бері жаңартылмаған бақылау жүйелері биыл толықтай ауыстырылады.

 «Бұл камералардың алдыңғы камералардан ерекшелігі ата-аналар онлайн түрде балаларын көре алады. Соңғы технологиямен жасалып жатқандықтан, бұл құрылғылардың қамту күші зор. Бұл жұмыстарды алматылық фирма жүргізіп жатыр»,- дейді  «№6 балалар арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» директорының орынбасары Ержан Иманбердиева.

Сондай-ақ мұнда  жұмысшылар балалардың қысқы қамын қарастыруда. Жылу жүйелерін толықтай ауыстырып, құбырларды жаңалап жатыр. Орталық қызметкерлері әр қыста жылыту жүйелері сыр беріп, жамап-жасқап күнелтіп келгендерін жасырмайды. Ағымдағы жөндеудің арқасында алдағы жылыту маусымын алаңсыз қарсы алатын болдық дейді орталықтағылар.

Айта кетейік, орталықта психоневрологиялық ауытқулары бар 3 жастан 18 жасқа дейінгі мүгедек балаларға стационарлық жағдайда түрлі қызметтер көрсетіледі. Мұнда қазіргі таңда ата-анасы немесе қамқоршысы бар 120 бала бар. Одан бөлек қамқорлықсыз қалған 30 бала ем-дом алады.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ж.Тәшенов университетінде жаңа жатақхананың ашылу салтанаты өтті
  • Шымкентте үздік ұлттық киім үлгілері анықталды
  • Аким Шымкента наградил слесаря, спасшего семью от гибели
  • Слесарьдың шұғыл әрекеті отбасын өлімнен құтқарып қалды
  • Шымкенте бұрыңғы қоқыс полигоны орнында экопарк құрылысы басталды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер