Жеке инвесторлар есебінен 126 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде

Screenshot_4.jpg

Шымкент - миллионер қала. Мұндай атау осыдан екі жыл бұрын шаһар тұрғындарының саны 1 миллионға жеткенде бюерілген болатын. Яғни ресми түрде республиканың үшінші мегаполисі атанды. Сол екі жыл аралықта қала халқы миллионнан асып, демографиялық өсім байқалды. Ал тұрғындар санының өсуі әрине тұрғын үй, балабақша және мектепке деген сұранысты арттыратыны сөзсіз. Қала әкімі Мұрат Әйтенов мегаполисте баспана қолжетімді болады дейді.

Осы орайда  Шымкентте жеке инвесторлар есебінен 126 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде.

Биыл қалада жалпы алаңы 1 млн шаршы метрден асатын көпқабатты 248 тұрғын үйдің құрылысы жүргізіліп жатыр. Оның ішінде ауданы 594 мың шаршы метрді құрайтын 126 тұрғын үй жеке инвесторлардың қаржысына салынуда. Инвестиция көлемі 150 млрд теңгені құрайды.

Жеке инвесторлардың қатарында құрылыс саласының үздіктері болып саналатын «BI Group», «Highvill Kazakhstan» ЖШС, «Отау-Строй» ЖШС, «FEB Group» ЖШС, «Оңтүстік Құрылыс Сервис» ЖШС, «South Company» ЖШС, «Заманауи құрылыс бұйымдары» ЖШС, «Корпорация Сити-строй» ЖШС секілді отандық компаниялар бар.

Айта кетейік, инвесторлар биыл 33 үйдің құрылысын аяқтауды жоспарлап отыр. Қалған 93 үй 2021 жылы пайдалануға беріледі.

 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ж.Тәшенов университетінде жаңа жатақхананың ашылу салтанаты өтті
  • Шымкентте үздік ұлттық киім үлгілері анықталды
  • Аким Шымкента наградил слесаря, спасшего семью от гибели
  • Слесарьдың шұғыл әрекеті отбасын өлімнен құтқарып қалды
  • Шымкенте бұрыңғы қоқыс полигоны орнында экопарк құрылысы басталды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер