Көмек беріліп жатыр

Screenshot_6.jpg

Шымкентте жыл басынан бері 19 519 отбасыға мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді. Оның ішінде: 15 501 отбасы шартты, ал 4018 отбасы шартсыз ақшалай жәрдем берілді. Жалпы сома 4,5 млрд. теңгені құрайды.

Ал, 3408 отбасыға учаскелік комиссия шешімі негізінде және табысының кедейлік шегінен жоғары болуына байланысты көмек көрсетілу тоқтатылған.

Сонымен қатар кепілдендірілген әлеуметтік топтама бойынша табысы аз отбасылардың мектеп жасына дейінгі балаларына ағымдағы жыл басынан бері 16 075 отбасыға 113 мыңнан аса азық-түлік пакеті мен 23 214 балаға тұрмыстық химия заттары үлестірілген.

Бұдан бөлек, төтенше жағдай кезеңінде 74 мыңнан астам адамға 2 АЕК көлемінде қаржылай көмек көрсетілді. Сондай-ақ, 285 551 адамға бірінші айында, 183 010 адамға екінші айда 42 500 теңге көлемінде әлеуметтік төлем төленді.

Айта кетейік, Шымкентте аз қамтылған отбасыларға әлеуметтік қолдау көрсету үшін 16,1 млрд. теңге қаралған. Бүгінгі күнге дейін 19 519 отбасыға 4.5 млрд. теңге көмек көрсетілген.

Айта кетейік, "Birgemiz" қоғамдық қорынан 41 630 мұқтаж азаматқа 50 мың теңге көлемінде қолдау көрсетілген. Сондай-ақ, сәуір айында 8 333 отбасының, ал мамыр айында 9 233 отбасының коммуналды қызметтерді пайдалану бойынша шығындары өтелді.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Устойчивый рост промышленности как основа экономической модернизации
  • Өнеркәсіптің тұрақты өсуі – экономикалық жаңғыртудың негізі
  • В Шымкенте торжественно открылся новый учебный корпус военного колледжа имени Сабыра Рахимова
  • Шымкентте C.Рахымов атындағы әскери колледждің жаңа оқу корпусы ашылды
  • Официальный визит Президента К.Ж.Токаева в Китайскую Народную Республику завершился
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер